Қазақстан теңіз арқылы жүк тасымалын бастайды

14

Астана. 07.05.2026. Munarmedia.kz – Қазақстан Қытай және Әзербайжан елдерімен жүк кемелерін салу жөнінде келісімшарттарға қол қойды.

Жоба аясында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының еншілес ұйымы Бейжіңде төрт контейнер тасымалдаушы кеме жасауға тапсырыс берді. Бұдан бөлек, тағы екі кеме Баку қаласында құрастырылатын болады.

Мамандардың мәліметінше, жаңа кемелердің әрқайсысы 9 900 тоннаға дейін жүк тасымалдауға қауқарлы. Сондай-ақ олар бір мезетте 537 контейнерге дейін қабылдай алады.

Жоспар бойынша аталған кемелер Каспий және Қара теңіз бағыттарындағы жүк тасымалында пайдаланылмақ.

Сарапшылардың пікірінше, бұл жоба Қазақстанның халықаралық көлік-логистикалық әлеуетін арттырып, Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуға қосымша серпін береді.