Munarmedia.kz 05.02.2026 /Астана/ – Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов қызметтерінен өз еріктерімен кетті.
Резонанс тудырған отставкаларға жұмыс кабинетінде болған жанжал себеп болған. Оқиға барысында төбелес орын алып, оның видеосы әлеуметтік желілерге тарап, кейін бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.
Серік Сәпиевтің айтуынша, болған оқиға жеке араздықтан туындамаған. Ол бұл жағдайды заңсыз кадрлық ауыс-түйістердің алдын алуға тырысумен байланыстырды.
– Аймақтағы ықпалды адамдар спорт мектептерінің басшыларын менің келісімімсіз тағайындауға әрекеттенді, – деген ол мұндай әрекеттерге қарсы тұрғанын жеткізді.
Алайда осы текетірес ақыры физикалық қақтығысқа ұласып, қызметке тағайындалғанына бірнеше ай ғана болған спорт саласының басшысы лауазымынан кетумен аяқталды.
Munarmedia.kz