Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев журналистердің сауалына «Өңір деректері зерделеніп жатыр. Бұл бүтіндей келіссөз процесі. Шамамен қалалар анықталған. Келесі кезең – орнын анықтау. Қала таңдалған кезде қазақ бауырларымыз көп шоғырланған жерлерінде мектеп салу басты мақсат ретінде қарастырылады. Бұл қалалардың таңдалуы да, сол жерде мектеп салу да пысықталып жатыр. Әлі де біршама уақыт алады. Өйткені, жерін анықтау, келісімшартқа қол қою, одан кейін қаржысын шешу, құрылысы қандай болатындығын анықтауға біршама уақыт кетеді. Бірақ, мектеп салу бойынша шешім қабылданған. Осы бағытта екі тарапта да жұмыс жүргізіп жатыр»,- деп жауап берді.