Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мерзімі әзірге белгісіз

8


Munarmedia.kz.10.09.2026.ASTANA-Қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты мерзімі әзірге белгісіз

Бүгін журналистер Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдерінен қазақ тілін латын графикасына көшіру жұмыстары қалай жүріп жатқанын және нақты мерзімдердің белгіленген-белгіленбегенін сұрады.

Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Эльмира Асан брифинг барысында нақты мерзім әзірге жоқ екенін мәлімдеді.

«Қазір нақты мерзімдер белгіленген жоқ. Нормативтік-құқықтық актілер әзірленгеннен кейін бұл туралы хабарлаймыз», — деді Эльмира Асан.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта мамандар латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиінің жобасы мен емле ережелерін әзірлеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

#Қазақстан #ҚазақТілі #ЛатынӘліпбиі #ТілСаясаты #ҒылымЖәнеЖоғарыБілім #Әліпби #Munarmedia