Munarmedia.kz 08.02.2026 /Астана/ Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай ел ішкі нарықтағы электр энергиясына деген қажеттілікті толықтай өтейтін болады. Ал 2029 жылға қарай Қазақстан тұрақты электр энергиясы профицитіне шығуды жоспарлап отыр.
Соңғы жылдары іске қосылған жаңа энергетикалық нысандарды ескере отырып, қазіргі таңда Қазақстанның энергетикалық жүйесі 241 энергия көзін қамтиды. Оның ішінде 162 нысан жаңартылатын энергия көздеріне жатады. Бұл елдің «жасыл» энергетика бағытын жүйелі түрде дамытып келе жатқанын көрсетеді.
Мамандардың айтуынша, энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізу экономиканың тұрақты дамуына, өнеркәсіптік өндірістің кеңеюіне және өңірлердің энергиямен үздіксіз қамтылуына оң әсер етеді. Сонымен қатар электр энергиясы профициті болашақта экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік бермек.