Қазақстан ауылдарында мал ұстайтын үй шаруашылықтары азайып барады

86

Munarmedia.kz-10.11.2026ж/Астана/-Қазақстанда жеке қосалқы шаруашылықтардың саны қысқарып келеді. 2022–2025 жылдар аралығында мал ұстайтын үй шаруашылықтары 827,6 мыңнан 728,8 мыңға дейін азайған. Үш жылда 98,8 мың шаруашылық мал бағуды тоқтатқан.

Мал түрлері бойынша да өзгеріс бар. Халықтың жеке шаруашылықтарында қой-ешкі, шошқа және құс саны кеміген. Ал ірі қара малдың саны артқан.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бұл үрдіс тек мал ұстайтын отбасыларға ғана қатысты емес. 2025 жылғы ауыл шаруашылығы санағының қорытындысы бойынша, Қазақстандағы жеке қосалқы шаруашылықтардың жалпы саны 2006–2007 жылдардағы 2,2 миллионнан 1,7 миллионға дейін төмендеген.

#Қазақстан #Ауыл #АуылШаруашылығы #МалШаруашылығы #Статистика