Қазақстан қараша айында Тәжікстанға 20 мың тонна АИ-92 бензинін жеткізуді жоспарлап отыр

73

Munarmedia.kz-12.11.2026ж/Астана/-Қазақстан қараша айында Тәжікстанға 20 мың тонна АИ-92 маркалы бензин жеткізуді жоспарлап отыр.

Бұл туралы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға сапары кезінде белгілі болды. Екі елдің энергетика министрліктері мұнай өнімдерін жеткізу туралы келісімге қол қойған.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, енді екі елдің коммерциялық құрылымдары жанармай тасымалдаудың логистикасы мен бағасын келісуі керек.

Министр болашақта бензин жеткізу Ақтөбе облысында салынуы жоспарланған жаңа мұнай өңдеу зауытынан да жүзеге асырылуы мүмкін екенін айтты.

#Қазақстан #Тәжікстан #Бензин #АИ92 #МұнайӨңдеу #Экономика #Энергетика