Munarmedia.kz-12.11.2026ж/Астана/-Қазақстанда пайдалану мерзімі өтіп кеткен 350 мың газ баллонын жаңасына ауыстыру жоспарланып отыр. Олардың көпшілігіне 40–50 жыл болған.
Өткен жылыту маусымында қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан газ баллондары жеті рет жарылған. Бұл мәселе ескі жабдықтарды жаңарту қажеттігін тағы да көрсетті.
Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға бір ай ішінде ескі газ баллондарын ауыстыру және кәдеге жарату тетігін әзірлеуді тапсырды.
Қазіргі уақытта жаңа газ баллондары Көкшетау қаласында өндіріліп жатыр. Сонымен қатар Атырау мен Алматы қалаларында тағы екі зауыт ашу жоспарланған.
#Қазақстан #ГазБаллоны #Қауіпсіздік #Көкшетау #Атырау #Алматы #Үкімет