Қазақстанда 1 қаңтардан бастап автонесие талаптары қатаңдатылмайды

70


Munarmedia.kz.06.11.2026./ASTANA/-Қазақстанда автокредит алушыларға қойылатын талаптарды жеңілдету мерзімі тағы бір жылға ұзартылды. Яғни, 1 қаңтардан бастап автонесие рәсімдеу тәртібі қатаңдамайды.

LS агенттігінің хабарлауынша, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мұны автонесие нарығындағы өсімнің баяулауымен түсіндірді. Бұған дейін жылдық өсім 73 пайызға дейін жетсе, қазір бұл көрсеткіш 13–14 пайыз шамасында.

Ал тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы берілетін ипотекалық несиелерге қатысты жеңілдік 2029 жылдың соңына дейін сақталады. Ұлттық банк бұл несие портфелін тұрақты деп бағалап, әзірге талаптарды қатаңдатуға негіз жоқ екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта қарыз жүктемесінің шекті коэффициенті (ҚЖК) 0,5 деңгейінде белгіленген. Бұл талап бойынша қарыз алушының барлық несие төлемдері оның орташа айлық табысының 50 пайызынан аспауы тиіс.

#Қазақстан #Автонесие #Ипотека #ҰлттықБанк #Несие