Қазақстанда ата-аналар мектептің жөндеу жұмыстары мен іс-шараларына ақша төлеуге міндетті емес

70


Munarmedia.kz. 06.11.2026 /ASTANA/-Қазақстанда ата-аналардан мектептегі іс-шараларды өткізуге, ғимаратты жөндеуге немесе қажетті жабдықтарды сатып алуға ақша жинауға жол берілмейді. Бұл шығындар бюджет есебінен өтелуге тиіс.

Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге гүл мен сыйлық беру де тек ерікті түрде жүзеге асуы керектігін еске салды. Мектеп әкімшілігі ата-аналардан ақша талап етуге немесе міндетті түрде қаражат жинауды ұйымдастыруға құқылы емес.

Заңсыз ақша жинау фактілері туралы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттеріне хабарлауға болады.

#Қазақстан #Білім #Мектеп #АтаАна #Заң