Қазақстанда баға саясаты өзгерді: нарыққа толық көшу және оның салдары қандай болмақ?

109

Munarmedia.kz 02.04.2026/Astana/-Сәуір айынан бастап Қазақстанда бағаны мемлекеттік реттеуге қойылған мораторий алынып тасталды. Енді жанармай мен коммуналдық қызметтердің құны сұраныс пен ұсынысқа негізделген нарықтық қағидалар бойынша қалыптасады. Бұл – мемлекеттің баға саясатын ырықтандыру бағытындағы маңызды қадамы. Қазіргі таңда бензин мен дизель бағасы салыстырмалы түрде тұрақты сақталып отыр. Алайда бұл уақытша құбылыс. Сарапшылардың пікірінше, алдағы кезеңде бағаның біртіндеп өсуі сөзсіз. Үкімет инфляцияны тежеу мақсатында күрт қымбаттауға жол бермейтінін мәлімдегенімен, нарықтық қысым өз әсерін тигізеді.

Экономистердің бағалауынша, коммуналдық тарифтер 15–20% аралығында өсуі мүмкін. Ал жанармай бағасы ішкі және сыртқы экономикалық факторларға байланысты кезең-кезеңімен қымбаттайды. Бұл үдеріс барлық өңірде біркелкі болмайды, яғни аймақтық айырмашылықтар күшеюі ықтимал.


Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Премьер-министрге сауалхат жолдағаны туралы айтты. Қазақстанның жаңа Конституциясын бірауыздан қабылдап берген халқына жасалып жатқан әділетсіз қиянат емес пе? деген ой да келеді. Табысы төмен халықтың каспий аударымдарын тексеріп, коммуналдық тарифтер мен мұнай бағасының реттеусіз өсуі Қазақстанда жаңа әлеуметтік толқынға әкелмей ме деген қауіп жоқ емес. Мемлекет бюджет қаражатын халықтың қақынан емес қазіргі геосаяси жағдайды пайдаланып мұнай, газ тағы басқа салалардан толтырғаны жөн емес пе еді деген ой келеді.

Жалпы алғанда, бұл өзгерістер Қазақстан экономикасының нарықтық модельге бейімделуін көрсетеді. Алайда оның әлеуметтік салдары да бар: халықтың шығыны артып, инфляциялық қысым күшеюі мүмкін. Сондықтан билік үшін негізгі міндет – нарық еркіндігі мен әлеуметтік тұрақтылық арасындағы тепе-теңдікті сақтау үшін жасалып отырған әрекет дегенге сеңгін келмейді.