Қазақстанда медицина саласында пайдаланылған ядролық отынды қолдану жоспарланып отыр.

37

Munarmedia.kz 21.04.2026 /Astana/- Бұл ретте радиоактивті қалдықтар мен пайдаланылған ядролық отынды қауіпсіз басқару мәселесіне ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, оларды жинау, қайта өңдеу, сақтау және түпкілікті көму процестері толық бақылауда болады.

Барлық жұмыстар Халықаралық атом энергиясы агенттігі белгілеген халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес жүргізіледі.

Сонымен қатар, елімізде ядролық және радиациялық қауіпсіздік жүйесін дамыту бағытында кешенді жұмыстар атқарылуда. Бұл шаралар бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумақтарын қалпына келтіру (реабилитация) жұмыстарымен қатар жүзеге асырылуда.

Сарапшылардың пікірінше, аталған бастамалар ядролық технологияларды бейбіт мақсатта тиімді пайдалануға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

#Munarmedia #Қазақстан #ЯдролықЭнергия #Медицина #Қауіпсіздік #МАГАТЭ #СемейПолигоны