Қазақстанда мигранттарды заңсыз рәсімдеу бойынша кезекті жемқорлық схемасы әшкереленді.

77

Mumarmedia.kz 03.04.2026/Astana/Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, Орталық Азияның 5 мыңнан астам азаматы пара беру арқылы еңбек етуге және елде тұруға рұқсат алған.

Тергеу барысында заңсыз схемаға көші-қон қызметінің қызметкерлері мен Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының Астанадағы филиалының өкілдері қатысқаны анықталды.


Аталған дерек бойынша іс пара алу және беру, делдалдық жасау, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру және алаяқтық баптары бойынша сараланған. Қазіргі таңда іс материалдары сотқа жолданды.

#Қазақстан #Жемқорлық #Миграция #ЗаңсызКөшіҚон #Астана #ҚұқықҚорғау