Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Құран өртеген адам Швецияда өлі күйінде табылды

133


Кеше кешкісін атыс туралы хабарламалардан кейін Швецияның Сёдертелье қаласының полициясы 38 жастағы Салван Момикудың өлі денесін тапты, деп хабарлайды SVT.

2023 жылы Момика Құранды өртеп, акция өткізген болатын.

"Мен Стокгольмдегі үлкен мешіттің алдында наразылық білдіргім келеді және Құранға деген көзқарасымды көрсеткім келеді. Мен оны жыртып, өртеймін", – деген еді ол сол кезде.

Осы әрекеттен кейін оған және Салван Наджемге этникалық топқа қарсы арандату бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бүгін округтік сот олардың ісі бойынша үкім шығаруы тиіс еді, бірақ айыпталушылардың бірінің қайтыс болуына байланысты сот процесі кейінге қалдырылды.

"Бұл әрекеттер Швециядан тыс жерлерде де қатты реакция тудырды. Осыған байланысты Момика қауіп ретінде қабылдана бастады, ал өзі басы үшін сыйақы тағайындалғанын мәлімдеген болатын", – делінген хабарламада.

Атыс болған жерде бірнеше адам қамауға алынды.

Қазіргі уақытта полиция көпқабатты үйдің айналасын тексеріп жатыр.