Еуропалық Одақ Қазақстанның антиресейлік санкциялар жөніндегі ұстанымын құрметтейді. Бұл туралы ЕО-ның санкциялар жөніндегі арнайы өкілі Дэвид О'Салливан Астанаға сапары кезінде мәлімдеді.
"Еуроодақ Ресейге қарсы шектеулер енгізуді талап еткен жоқ және талап етпейді. Біз Қазақстан мен Ресей арасындағы жылдар бойы қалыптасқан заңды сауда қатынастарына араласуды көздемейміз", – деп атап өтті еуропалық шенеунік.
Дегенмен, ол санкцияларды Қазақстан арқылы айналып өту ықтималдығына алаңдаушылық білдірді:
"Кейбір адал емес кәсіпкерлер ЕО-дан келген тауарларды, әсіресе қару-жарақта қолданылуы мүмкін жоғары технологиялық өнімдерді Ресейге қайта сатуы мүмкін. Біз Қазақстанмен осындай схемалардың алдын алу бойынша ынтымақтастыққа қанағаттанамыз", – деді О’Салливан.