Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Қырғыз әншісі Қайрат Пірімбердиевтің үстінен қылмыстық іс қозғалды

69



🇰🇿

 Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметінше, әншінің үстінен іс қозғауға оның Қазақстандағы AIRAN YouTube-арнасына берген сұхбаты себеп болған. Комитет Пірімбердиев сұхбатта "араздық қоздыратын мәлімдемелер жасаған" деді. Қазір тергеу жүріп жатыр.

📱

 9 қаңтарда AIRAN арнасында "Қырғыздардың қазақтардан қандай айырмашылығы бар? Қырғызстандағы демократияға кім кедергі болды?" деген тақырыпта бір сағаттан асатын видео шыққан.

Арнаға қырғыз мәдениетінің бірнеше өкілі, түрлі саладағы сарапшылар сұхбат берген.

Видеода 19-ғасырда өмір сүрген қазақ ханы Кенесары Қасымұлы туралы да сөз болған. Пірімбердиев Орман хан Кенесары ханды өлтіруге мәжбүр болды деп жауап берген. "Бұл үшін өз атымнан қазақ халқынан кешірім сұрағым келеді" деген ол.

Бұл қоғамда қызу пікірталас тудырды. Кейін әнші жауабы шығарылымға толық енбей қалғанын мәлімдеген.

🇰🇬

 Пірімбердиев шығармашылықтан басқа, Қырғызстандағы қоғамдық істерге белсенді қатысады, елде болып жатқан оқиғалар туралы ашық пікір білдіреді.