Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы, қазір қамауда отырған Кәрім Мәсімовтің Астанадағы зәулім үйі аукционға шықты

173



Мәсімовтен тәркіленген мүлікті сатуға қайтарылған активтерді басқару компаниясы қойған.

🏠

 Ақпаратқа қарағанда, үй Астананың Нұра ауданында орналасқан. Екі қабатты зәулім сарайдың жалпы ауданы 3000 шаршы метрге жуықтайды. Үй аумағында әртүрлі көлемдегі жер учаскесі бар.

💸

 Жылжымайтын мүлік ішіндегі жиһаз, тұрмыстық заттар, әшекей бұйымдар, коллекциялық монеталар, қару-жарақ макеттерімен бірге саудаланып жатыр. Бастапқы баға 1,8 млрд-тан басталған.

Мәсімов Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталып, 2023 жылы "мемлекетке опасыздық жасады", "билікті күшпен басып алмақ болды", "елде төңкеріс жасамақ болды" деген айыппен 18 жылға бас еркіндігінен айырылған.