Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

АҚШ-тың жоғары лауазымды өкілдері жақында Еуропаға барып, Ресейдің Украинаға қарсы соғысын қалай аяқтауға болатынын талқыламақшы

75



АҚШ соғысты аяқтағысы келеді, бірақ Украина қауіпсіздігіне кепіл болу мәселесі Еуропаға жүктеледі деді АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майкл Уолтц NBC телеарнасына берген сұхбатында.

Америка президентінің кеңесшісі осы аптада Еуропаға АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио, қорғаныс министрі Пит Хегсет, вице-президент Джей Ди Вэнс пен АҚШ-тың Украина мен Ресей жөніндегі арнайы өкілі Кит Келлогг барады деп айтты.

🗣

 "АҚШ президенті келіссөзге барлық тарапты тарту үшін әрекет етуге дайын" деді Уолтц. Оның сөзінше, АҚШ президенті Дональд Трамп қажет болса, Ресейге қарсы салық, тариф бойынша шара қолдануға дайын.