Қырғызстан билігі әйелдер мен балаларға қарсы жасалатын ауыр қылмыстар үшін жазаны қатаңдатуды ұсынды.

26

Munarmedia.kz 21.02.2026 /Astana/Кыргыз Республикасынын Президентинин Администрациясы қоғамдық талқылауға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын енгізуді көздейтін заң жобасын шығарды. Құжатта әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын аса ауыр қылмыстар үшін ең жоғары жаза қарастырылған.

Атап айтқанда, педофилия және зорлаумен ұштасқан адам өлтіру деректері бойынша баламасыз жаза ретінде өмір бойы түрме жазасын белгілеу ұсынылады.

Сонымен бірге заң жобасында аталған айыптар бойынша кінәлі деп танылып, сотталғандардың мүлкін міндетті түрде тәркілеу нормасы да енгізілген.

Бастама қоғамда кеңінен талқыланып, құқық қорғау саласындағы жауапкершілікті күшейтуге бағытталған маңызды қадам ретінде бағалануда.