Қысқы дөңгелек салмаған жүргізушілерге 86 500 теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін

54


Munarmedia.kz-10.11.2026ж/Астана/-Астана полициясы жүргізушілерге жазғы дөңгелектерді қысқы дөңгелекерді  уақытылы ауыстыруды ескертті. Бұған алдағы күндері ауа райының қолайсыздануы себеп.

Қалалық әкімдіктің ресми сайты полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлағандай, қысқы дөңгелектер  жеңіл автокөліктер мен жеңіл жүк көліктерінің барлық дөңгелегіне орнатылуы тиіс.

Қысқы шина қашан міндетті?

Қазақстанның техникалық регламентіне сәйкес, қысқы дөңгелектерді  желтоқсан, қаңтар және ақпан айларында пайдалану міндетті. Бұл талап көлік құралының барлық дөңгелегіне қатысты.

Қысқы дөңгелек орнату талабын бұзған жүргізушілерге әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Айыппұл мөлшері 20 АЕК-ке дейін, яғни 2026 жылы 86 500 теңге болуы мүмкін.

Полиция жүргізушілерді жол қауіпсіздігін сақтауға, көліктің техникалық жағдайын тексеруге және маусымға сай дөңгелектерді пайдалануға шақырады.

#Астана #ЖолҚауіпсіздігі #ҚысқыДөңгелек #Айыппұл #Қазақстан