2025 жылдың сәуір айының 9-ы күні Қытай Халық Республикасының Сауда министрлігі Photonics Corporation сынды 12 америкалық компанияны экспорттық бақылау тізіміне қосқанын жариялады.
Министрліктің мәлімдеуінше, аталған компанияларға азаматтық және әскери мақсаттағы материалдарды Қытайға экспорттауға тыйым салынған. Қазіргі уақытта қандай да бір экспорттық іс-әрекет жүзеге асып жатқан болса, ол дереу тоқтатылуы тиіс. Тек ерекше жағдай туындаған жағдайда ғана экспорттаушы тарап ҚХР Сауда министрлігіне ресми түрде өтініш жазып, нақты түсініктеме беруге міндетті. Бұл шешім 2025 жылдың 10 сәуірінде Бээжин уақытымен сағат 12:01-ден бастап күшіне енеді.
Қытайдың Сауда министрлігінің баспасөз хатшысы бұл туралы:
«Ұлттық қауіпсіздік пен елдің мүддесін қорғау, ядролық қаруды таратпау сияқты халықаралық міндеттемелерді орындау мақсатында, “ҚХР Экспорттық бақылау туралы заңы” және “Азаматтық және әскери мақсаттағы тауарлар экспортына бақылау жасау ережелері” негізінде, аталған 12 америкалық компанияны тізімге енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл компаниялардың әрекеті Қытайдың ұлттық қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіріп отыр. Сондықтан бұл шешімді еш жағдайда елемеуге болмайды», — деп мәлімдеді.