Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Ұлыбритания Путинді Нюрнберг үлгісіндегі трибунал арқылы соттауды қолдады

57


Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі бұрынғы АҚШ президенті Дональд Трамптың қарсылығына қарамастан, Владимир Путинді Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Нюрнберг сотының үлгісімен соттауға арналған халықаралық трибунал құру бастамасын қолдады. Бұл туралы The Telegraph газеті хабарлады.

Басылымның жазуынша, мамыр айында Лондон Еуропа Кеңесінің отырысында Украинаға қарсы жасалған агрессия үшін Ресейдің әскери және саяси басшыларын жауапқа тарту туралы қарарды қолдап, мәлімдеме жасауды жоспарлап отыр.

Ұсынысқа сәйкес, 1945-46 жылдары нацистік Германияның әскери қылмыскерлерін соттаған Нюрнберг процесіне ұқсас арнайы халықаралық сот құру қарастырылған.

The Telegraph газетінің жазуынша, Ұлыбританияның бұл шешімі – Лондон Университет колледжінің Халықаралық сот және трибуналдар орталығының директоры Филипп Сэндстің белсенді лоббиінің нәтижесі. Ол өткен қарашада АҚШ-тағы президенттік сайлаудан кейін Ұлыбританияның Бас прокуроры Ричард Хермермен кездесіп, осындай сот құрудың келешегі жайында пікір алмасқан.

Сондай-ақ бұл бастаманы Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі, Лейбористер партиясының мүшесі Гордон Браун және Консерваторлар партиясынан бірнеше министр қолдағаны хабарланды.