Қытай Nio және Zeekr 285 мыңға жуық электромобильді кері қайтаруда

17

Munarmedia.kz 21.02.2026 /Astana/ – Қытайлық екі ірі электркөлік өндіруші – Nio және Zeekr – жалпы саны 285 мыңға жуық автокөлікті кері қайтару туралы шешім қабылдады. ҚХР реттеуші органының мәліметінше, кері шақырту 2018–2023 жылдары шығарылған Nio компаниясының 246 229 көлігін (ES8, ES6 және EC6 модельдері) қамтиды. Ақау бағдарламалық жасақтамада анықталған. Соның салдарынан көліктің дисплейі өшіп қалуы мүмкін, бұл жүргізушіні жылдамдық пен техникалық ақаулар туралы маңызды ақпараттан айырады.

Компания өкілдері мәселе тегін бағдарламалық жаңарту арқылы, соның ішінде қашықтан (онлайн) орнату тәсілімен түзетілетінін мәлімдеді.

Ал Zeekr бренді 2021–2024 жылдары шығарылған 38 277 дана 001 WE моделін кері шақырады. Бұл көліктерде батарея компоненттеріндегі ақауға байланысты қызып кету және өрт шығу қаупі бар екені айтылды. Zeekr-дің кері шақырту науқаны 6 наурызда басталады.

Image


Сарапшылардың пікірінше, электромобиль нарығында қауіпсіздік стандарттарын сақтау – өндірушілер үшін басты басымдық болып қала береді.