Қытай билігі мемлекеттік қызметкерлерге қатаң қаржылық шектеулер енгізіп отыр. Жаңа 63 тармақтан тұратын ереже бойынша шенеуніктерге қызмет бабында сән-салтанатқа жол беруге мүлде болмайды.
Тыйым салынғандар қатарында:
-
қымбат тағамдар, ішімдіктер мен темекі өнімдерін пайдалану,
-
шетелде құмар ойындарға қатысу және сыйлық алмасу,
-
қымбат қонақүй нөмірлерін жалдау,
-
чартерлік рейстермен ұшу,
-
әуежайда дабыралы қарсы алулар ұйымдастыру,
-
іссапар бағытын өз бетінше өзгерту.
Тіпті шетелдік мекемелермен қарапайым естелік сыйлық алмасуға да рұқсат жоқ.
Құжатта бұл ережелердің бұзылуы нақты жазаға әкеп соғатыны ескертілген. Бұл шара мемлекеттік шығындарды қысқартып, шенеуніктерді қарапайым әрі тәртіпті қызметке қайтаруды көздейді.
Қытай бос сөзбен емес, нақты іспен әрекет етуде.