Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Ресей армиясынан 50 мыңға жуық сарбаз дезертир деп танылған

51


2024 жылдың соңында интернетте Ресей Қарулы Күштерінен қашқан әскери қызметкерлердің екі бірдей тізімі жария болды. Оларды «пятисотые» деп атайды — бұл армия ішіндегі бейресми атау, дезертирлер мен қызметтен өз бетімен кеткендерге қатысты қолданылады. Бұл тізімдерді тексеріп шыққан «Маңызды оқиғалар» зерттеу жобасы дезертир деп танылғандардың саны кемінде 49 мың адам екенін анықтады.

 Барлық әскери қызметкер дезертир болмаған.Зерттеушілер анықтағандай, тізімге енгендердің бәрі бірдей қашқан емес. Кейбірі кейін қаза тапқан, тұтқынға түскен немесе із-түссіз жоғалған деп танылған. Мұндай деректер база ішіндегі ескертпелерден байқалады.

 Қашу себептері әртүрлі
Басты себептер – майдан шебінен кету, әскери бөлім аумағынан қашу, немесе емделген соң қызметке қайта оралудан бас тарту. Кейбір жазбаларда нақты жағдайлар келтірілген:
– «Анасы оны жібермей отыр, әлі емделіп болған жоқ деп есептейді»,
– «Пятка сүйегін сындырып, емделуден оралмаған»,
– «Эшелонмен кетер алдында аяғын сындырған».

 Демалыстан кейін оралмағандар
Шамамен 500-ге жуық сарбаз демалыстан соң қызметке қайтып келмеген. Біреуінің ісінде былай деп жазылған: «Ауыр науқас әйелін сылтау етіп, демалыстан шықпады». «Груз 200»-ді алып жүруден кейін жоғалғандарКемінде төрт сарбаз жүк 200-ді (мәйіттерді) алып жүруге жіберілгеннен кейін оралмаған. Бір жағдайдағы түсіндірме: «Өмірінен қорқу, қарсы тараптың психологиялық әсері салдарынан соғыстан бас тарту».

🔹 Басқа бөлімге өткендер де күдікке іліккен. Кей жағдайларда іздеу мен қылмыстық іс басқа бөлімге ауысып кеткен сарбаздарға да қозғалған.


Фото: EPA / YURI KOCHETKOV