Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Қазақстанда ым тілі ресми мәртебе алуы мүмкін

91


Үкімет елімізде қазақ ым тілін (жестовый язык) және дактиль әліпбиін ресми түрде мойындау мәселесін қарастыра бастайды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ермек Қошербаев депутаттық сауалға берген ресми жауабында хабарлады.

«Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенция» аясында Қазақстанда ым тіліне ресми мәртебе беру тәжірибесі зерттеліп жатыр. Осы бағытта Ұлыбритания, Норвегия, Испания, Швеция секілді елдердің үлгісі қарастырылуда», — делінген құжатта.

Халықаралық тәжірибені сараптау үшін шетелдік мамандар тарту жоспарланып отыр.

Білім беру министрлігінің мәліметінше, елімізде арнайы педагогика мамандарын дайындайтын 17 жоғары оқу орны бар. Соның ішінде үш университет сурдопедагогика бағдарламаларын жүзеге асырады.

Фото: Pixabay