АСТАНА. MUNARMEDIA.KZ-Қытай қазіргі
таңда ОРталыө Азия арқылы Ресейге ірі жол торабын салуда. Бұл Орталық Азия үшін
шетелдік инвестиция тарту мен инфрақұрылымды нығайтуға мүмкіндік береді.
Биылғы жылы Қытай
тарихтағы ең көне жол Жібек жолы арқылы Орталық Азия мен Каспий теңізінен Батыс
Кавказ арқылы 150 мың тонна жүк тасымалдауды жоспарлауда. Мұны Транскаспий халықаралық
сауда жолы деп атаған.
КСРО құлағаннан
кейін Орталық Азия және Батыс Кавказ елдері Шығыс пен Батысты байланыстыратын
торапқа айналауға мүмкіндік алды. 2013 жылы Әзербайжан, Грузия және Қазақстан
Орталық коридор құру арқылы құрлықтағы сауда жолын байланыстаратын торапқа
айналдыру туралы келісімге келген болатын.
Пекиннің Ұлы
Жібек жолын қайта жаңғырту идеясы орта ғасырларда Шығыс Азияны Жерорта
теңізімен байланыстырып тұрған керуен жолы арқылы пайда табуды көздеп отырғаны
анық. 2023 жылы Еуроодақ елдері мен Қытай арасындағы сауда айналымы 800 млрд
долларды құрады. Оның 91% теңіз арқылы
өтуде. Құрылық сауда жолдары арқылы Ресей мен Белорусь елдеріне 3% көлемінде тауар жеткізілді.Алайда Ресейдің Украинаға
қарсы жасаған басқыншылық соғысы басқа да жолдары қарастыруды талап етуде. Бұл
Орталық коридордың дамуына жол ашып контейнерлік сауда қатынасы 33% өсті.
Дегенмен мәселе
жоқ емес. Қазақстан, Әзербайжан және Грузия арасындағы үйлестіру жұмыстарының жоқтыңы
және ортақ заңннамалық құжаттардың қабылданбауы Орталық коридордың толық табыс
көзіне айналуына мүмкіндік бермей отыр. Мысалға Әзербайжан күніне 53 тауар
вагондарын өткізуге дайын болса, Батуми порты жеті тауар вагонын ғана
қабылдадуда. Нәтижесінде Әзербайжанға жеткізілген 80% тауарды жүк көһліктерімен
тасымалдауға мәжбүр болуда.
Батыстың санкция
біраз қиындықтар туғызса да Грузия, Армения және Қырғызстан сияқты елдер арқылы
санкциялық тауарларды тасымалдау мүмкін болып отыр. Қазіргі таңда Каспий
теңізінің су деңгейінің түсіп кетуі де сауда кемелерінің жүруіне кедергі жасап
отыр.
Алайда туындаған
қиындықтарға қарамастан Орталық Азия елдері үшін инфррақұрылымдарын жақсартып,
инвестиция тартуға жақсы мүмкіндік туып отыр. Үндістан арқылы салынған жол Нью
Дели, Калькутта, Мумбай және Ченнай жолдарын жаңа замаңғы құрылымдарымен
қамтамасыз етуге мүмкнідік берді. Бұл осы қалалардың экономикалық
мүмкіндіктеріне әсер етті.
Ұлы Жібек жолының
қайта жандануы ОРталық Азия елдеріне жаңа экономикалық мүмкіндіктер беріп ғана
қоймай, ЕО елдерімен сауда айналымын жақсартып, саяси тұрақтылыққа әкеледі деп
болжануда.