АСТАНА. MUNARMEDIA.KZ-Осыдан он жыл бұрын Ремейдегі мыңдаған мигранттардың
Ресейді тастап ОРталық Азия мен Еуропаға ағылады деп ешкім оцйламаған еді. Украинаға
басқыншылық соғысты бастаған уақыттан бері Ресей билігі мигранттардан айырылып
қалмаудың барлық жолдарын қарастырып келеді. Азаматтық алғандарын ұстап алып
соғысқа аттандыру әрекеттеріне дейін барды. Бірақ мәселе соғыста ғана емес. «Крокус
Сити Холлдағы» терактіден кейін жаппай мигранттарды тұтқындау, шекарадан
қайтарып жіберу және кейбір мамандықтарға тиым салу сынды әрекеттер орын алды.
Көптеген жылдарға дейін Орталық Азиядаға азаматтар үшін Ресей табыс көзіне
айналғаны шындық. Тіпті Украинаға басып кірудің өзі мигранттар үшін аса
қорқынышты болмады. Алайда «Крокус Сити Холлдағы» теракті барлығын тездетіп
жіберді. Заңсыз рейдтер, жүмыстан шығару, әуе рейстерін ұстап қалу, Украинаға
осғысқа алып кету, ұру, соғу т.б заңсыз әрекеттер салдарынан мыңдаған
мигранттар Қазақстан арқылы өз елдеріне қайтқанша асықты.
Орталық Азия билік өкілдері Мәскеумен ара қатынасты суытпау мақсатында
мұндай проблемаралға көз жұмыс қарағанмен, соңғы оқиғалар салдарына Тәжістен
мен Қырғыз сыртқы істер министрліктері Ресей елшілеріне нота жолдап, заңсыз
әрекеттерді сынады. Тәжіктер үшін Президент Эмомали Рахмон Путинмен кездесіп,
тәжітермен емес терроризммен күресуге шақырды. Алайда заңсыз әрекеттер
тоқталмаған соң алдымен
Санкт-Петербургтен 60%, тәжіктер мен 40% өзбектер кетті.
Оншақты Ресей аймақтары мигранттардың келуіне шектеу қойды. Қазіргі таңда
елдің көптеген салаларында жұмыс күшінің жетіспеушілігі орын алды. Мигранттар
кете салысымен ресей экономикасы көптеген қиындықтарға душар болуда. Аз
жалақыға жұмыс істейтін азаматтар болмаған соң жалақыны өсіруге мәжбүр болуда.
Бұған қарамастан билік мұны патриоттық әрекет ретінде қарастыруда. Қазірдің
өзінде Ресейдегі ғылым Академиясының мәліметінше өндіріс, сауда, ауылшарушылық,
құрылыс салаларындағы кадр тапшылығы 4,8 млн адамды құрады отыр.
Соңғы екі жылда Ресейге келетін миграттар саны 3 млн адам болса соңғы
мәліметтерге қарағанда 62 мың адам ғана барған.
Қазіргі таңда Ресейге Орталық Азиямен қатынасты бұзбау маңызды болғанмен
Ресей билігі мигрантсыз өмір сүре аламыз деген нық сеніммен отыр.
Мигранттар арқылы Ресей Орталық Азияда орыс тілінің сақталуын қамтамасыз
етіп, ресей бизнесінің дамуын, Батыспен байланысты үзе отырып, Орталық Азия
ресурстары арқылы күн көруді ойластыруы керек еді. Ал Тәжік, Өзбек және Қырғыз
мигранттары елдің ішкі жалпы өнімінің 40% қамтамасыз етіп келеді. Алайда
Ресейдегі мигранттарды қуғындау және 2020 пандемия салдарынан Ресейден Орталық
Азия елдеріне ақша аударым 42% -ға төмендеген.
Нәтижесінде еңбек мигранттары Түркияға, Араб елдеріне және Оңтүсітк Кореяға
ағыла бастады. Қазірдің өзінде орташа есеппен ылғанда 200 мыңға жуық адам
Түркияда, Араб елдерінде 100 мыңға жуық адам жұмысқа кетті. Араб елдері бұған
дейін 15 мың адамға қабылдаушы еді, қазір 1 миллион адамға көбейтті.
Орталық Азия еңбеккерлеріне деген қызығушылық Еуропа елдерінде көбейіп
келеді. Мысалға Словакия кәсіпорындарының 75% дейін жұмыс күші жетіспегендіктен 2023 жылы
Volkswagen Slovakia өзбек мигрантатары еібек етті. Олардың жалақылары
трудилось 1200–1600 евроны құрады.
Қазіргі таңда Польше, Чехия, Литва және Болгария елдерінде жұмыс күшіне сұраныс
көп. Қазір жылына 2-5 мың адам ғана осы елдерге жұмыс істеуге баруда. Тек Польшада
3 мың өзбек мигранты жұмыс істейді. Ресейдегі виза алу, орыс тілі емтиханын
тапсыру, жаңа мәдени ортаның қалыптасуы мен құжаттар легінің көбеюі Ресейді
шетелдік еңбек өнімін тұтынатын елдер қатарынан шығарып тастады. Бұл Ресей
экономикасына кері әсерін тигізіп ғана қоймай Украинаға бастаған басқыншылық
соғыс барысындағы биліктің ең үлкен қателіктерінің бірі болмақ.