Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

ЕО министрлері: Путин Ресейдің экономикасы күшті деп өтірік ақпарат таратып отыр

67

Ресей экономикасының көрсеткіштері оған басқыншылыққа байланысты енгізілген санкция әсер етіп отырғанын дәлелдей түседі, ал Владимир Путин мен оның авторитарлық режимі Ресей экономикасы күшті деп өтірік ақпарат таратып отыр. Еуроодақ елдерінің қаржы министрлері The Guardian-дегі мақаласында осылай деп жазған. Мақаланы Балтық елдерінің қаржы министрлері, бұған қоса Дания, Нидерланд, Польша, Финляндия және Швецияның қаржы министрлері жазған.

"Саясаткерлер, ақпарат құралдары мен Батыстың экономикалық институттары Кремльдің айтқандарын шын ақпарат деп қабылдамағаны өте маңызды. Кейбір сипаттамаларға мұқият үңілсеңіз, Ресей экономикасы Мәскеу айтқандай мәз емес" деп жазылған мақалада.

Мақала авторларының айтуынша, Ресей эконмикасының жоғары қарқыны әскери өнеркәсіп пен мемлекеттік субсидия есебінен қалыптасқан.

"Бұл тұрақты емес – аса қызған экономиканың белгісі" деп жазды министрлер.

Қаржы министрлері сонымен бірге Ресей экономикасының өзге де мәселелеріне тоқталады: тіпті жоғары проценттік мөлшерлеме есебінен де тоқтамай өсіп бара жатқан инфляция, ұлттық әл-ауқат қоры активтерінің екі есе азаюы, бензин және қант экспортына тыйым, капиталдың шықпауын қатаң бақылау.

Мақала авторларының пікірінше, бұл жайттар Ресей экономикасының советтік үлгіге көшіп бара жатқандығынан хабар береді және оның салдарын жақын арада қоғам де сезіне бастайды.

"Капиталды бақылау, экспортқа тыйым салу және әскери өнеркәсіпке ірі инвестиция салу – бұл жаңа саясат емес, советтік үлгіге оралу" дейді олар.

Олар Минск пен Мәскеуге шектеулерді айналып өтуге көмектесетін Азия мен Таяу Шығыстағы елдерге қарсы тиімдірек санкция енгізуді ұсынады.

"Ресей кеден қызметінің мәліметі бойынша, 2022-2023 жылдар аралығында Ресей экспортынан түсетін кіріс шамамен үштен бірге қысқарды" деп жазылған мақалада.