Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Ресей екінші күн қатарынан Украинаға жаппай соққы беруде

13

Соғыстың ең ірі әуе шабуылдарының бірінен кейін Ресей Украинаға тағы соққы жасады.

Әуе шабуылы туралы ескертулер сейсенбі күні таңертең украиндық барлаушылар Ресей ұшақтарының гипер дыбыстық зымырандарды атып жатқанын байқағаннан кейін берілді. Дрондардың жаппай шабуылдары да тіркелді.

Украинаның әуе қорғаныс күштері бүкіл елге баллистикалық қару қаупі төніп тұрғанын айтады.

Ресей Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасап, ұзақ қашықтықтағы, әуеден және теңізден лақтырылатын дәлдіктегі қарулар Украинаның бүкіл аумағында, соның ішінде Киев, Львов, Харьков және Одесса облыстарындағы электр станциялары мен оған қатысты инфрақұрылымдарға соққы беру үшін қолданылғанын айтты.

Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Украина аймақтарының жартысынан көбі ұшқышсыз ұшақтар мен зымырандық шабуылдар салдарынан кем дегенде алты адам қаза тауып, ондаған адам жараланды.

Электр инфрақұрылымы бұзылып, көптеген қалаларда жарық өшіп, сумен қамтамасыз ету станциялары зардап шекті.

АҚШ президенті Джо Байден бұл шабуылдарды «азғындық» деп атап, Вашингтон Украинаның энергетикалық жүйесін қолдауды жалғастыратынын айтты.

Британ Сыртқы істер министрі Дэвид Лэмми Ресейдің "азаматтық инфрақұрылымдарына жасаған зымыран мен ұшқышсыз шабуылдарын" айыптады.

Соңғы шабуылдар сериясы салдарынан үш адамның қаза тапқаны белгілі.

Шығыстағы Кривой Рог қаласында дүйсенбі күні кешке азаматтық инфрақұрылым ғимаратына жасалған шабуылдан екі адам қаза тапты. Бірнеше адам із-түссіз жоғалып кетті.

Ал Запорожье облыстық әкімшілігінің басшысы Иван Федоров Запорожьеде бір адамның қаза тапқанын, сондай-ақ ер адам мен әйелдің жараланғанын айтты.

Жергілікті шенеунік Евгений Ситниченко оқиға кезінде үйлер, дүкендер мен көліктерге зақым келгенін айтып, қаза болғандар туралы хабарлады.

Кривой Рог - Украина президенті Владимир Зеленскийдің туған қаласы.

Жарылыстар Киев, Сумы, Хмельницкий және Николаев облыстарында да тіркелді.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерімен ұстап тұру қиын бірнеше «Кинжал» гиперсониялық баллистикалық зымырандарының ұшырылкандығы тіркелді.