Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Жезқазған түрмесіндегі азаптау ісі: колония қызметкерлері мен ұлттық гвардия өкілдері сотталды

40



Ұлытау облысында тұтқындарды азаптады деп айыпталған колонияның жеті қызметкері мен төрт әскери қызметкерге үкім оқылды. Үкім 30 шілдеде шыққан, ал бірақ ол жөнінде прокуратура 21 тамызда айтты.

Сот үкіміне сәйкес, Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша №62 мекемесінің бастығы мен оның орынбасары әрқайсысы 6,5 жылға бас бостандықтарынан айырылған. Қалған бес түрме қызметкері мен ұлттық гвардияның №6505 әскери бөлімнің төрт қызметкері 4-4,5 жыл аралығында түрме жазасына кесілді.

Айыптау актісінде айыпталушылардың қамаудағы адамдарды қатты ұрып-соғып, есінен тандырғаны жазылған. Түрме қызметкерлері "сотталған адамдарға қорлық көрсетіп, зомбылық жасаған" деген айыпқа қалды.