Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Ресейдегі мұсылмандарға діни көпәйелділікке рұқсат берілді

34


Ресей Федерациясы мұсылмандарының Діни басқармасы жанындағы ғұламалар кеңесі мұсылмандарға төртке дейін діни некеге тұруға рұқсат берді, бірақ бұл үшін күйеу барлық әйелдеріне әділ әрі тең қарым-қатынас жасауы шарт.


Ғұламалар кеңесі өздерінің Telegram-арнасында Ресейдегі мұсылман қауымында көпәйелділік мәселесіне арналған фәтуа (ислам қағидалары мен мұсылман құқықтық тәжірибелеріне негізделген шешім) қабылданғанын хабарлады. Аталған құжатты әзірлеуге ғалымдар ғана емес, сонымен қатар заңгерлер де қатысқан.


«Діни қорытындыда имамдарға, жас жұбайларға арналған ұсынымдар және неке келісімшартының үлгісі болады. Құжат толық пысықталған соң, ғұламалар кеңесінің ресми сайтында жарияланады», — деп хабарлады Ресей Федерациясы мұсылмандарының ғұламалар кеңесі.


Бұл жаңашылдыққа Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, Мәскеу мүфтиятының мүфтиі Илдар Аляутдинов түсініктеме берді. Ол заңды түрде тек АХАЖ органдарында тіркеліп, арнайы куәлік берілетін бір ғана неке мойындалатынын түсіндірді. Алайда діни некемен өмір сүретін көпәйелді отбасылардың нақты бар екенін ескере отырып, әйелдердің құқықтарын анықтап алу қажет екенін айтты.