Қазақстан
мәдениет және сауда орталығындағы «ТҮРКСОЙ»дың Ыстанбұлдағы кеңсесінде
«ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының Бас хатшысы, Қырғыз халық жазушысы Сұлтан
Әкімұлы Раев қонақта болды.
Орталықтың
басшысы, «ТҮРКСОЙ»-дың Бас кеңесшісі Ержан Уәйіс атқарылып жатқан істерді
баяндады. «ТҮРКСОЙ»-дың кеңсесіндегі Дінмұхаммед Қонаев және жазушы Шыңғыс
Айтматовқа арналған көрме бұрыштардағы суреттермен таныстырды.
Орталықта Түркияның 100 жылдығы және Қазақстан мен Түркия байланыстарының 33 жылдығына орай 100 фотосурет көрмесінің суреттеріне жеке жеке тоқталды. Сондай-ақ, Түрік дүниесінің тұлғалары, қайраткерлері Ахмет Байтұрсыновтың, Мұстафа Шоқайдың, Темірбек Жүргеновтің, Шыңғыс Айтматовтың, Кемел Тоқаевтың кітаптарының түрікше аудармаларының тұсаукесер шаралары осы орталықта өткенін айтты.
Сонымен қатар, «ТҮРКСОЙ»-дың қолдауымен Алматы облысы мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев бастаған делегацияның қатысуымен жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай «Өлгендер қайтып келмейді» кітабының тұсаукесері де осында болғанын, ғалым Қаныш Сатпаевтың 125 жылдығына арнайы кітабының таныстырылымы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессорі, халық әртісі Сәуле Жанпейісованың жеке шығармашылық кеші – концертінің де осында өткенін баяндады. Ұйымдастырушыларға Бас хатшы Сұлтан Раевтың алғыс хаттарын да табыстағанын атап өтті. Бас хатшы Сұлтан Раев: «Бүгінгі күн Түркі елдері үшін, оның ішінде Қазақстанның тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. 16-шы желтоқсан айтулы кезең.
Биылғы жыл «ТҮРКСОЙ» үшін табысты
болды. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Әзірбайжан және Түркие
мемлекеттерінде игі мәдени шаралар атқарылды. Түркі әлемінің рухани астанасы
Түркістанда, Қорқыт елі Қызылорда мен «ТҮРКСОЙ» арасындағы ынтымақтастық
шаралар жүзеге асты. Келесі жылы 2025 Маңғыстау Ақтау қаласы Түркі дүниесінің
астанасы мәртебесін қабылдайды. Келесі жылы Каспий теңізінің жағасындағы әсем
қалада «ТҮРКСОЙ»-дың қолдауымен Түркі мемлекеттерінің мәдениетті дамытудағы
халықаралық жиыны өткізіледі», - деді.
Өткен аптада Қазақстанда Алматыда Дінмұхаммед Қонаев халықаралық қорында, Алматыдағы Ұлттық кітапханада, Қазақ университетінің қалашығындағы кездесулерге қатысқанын, сондай-ақ, Қазақстан Жазушылар одағының 90 жылдық мерекелік тойына қатынасып, сөз сөйлегенін тілге тиек етті. Қазақстан қаламгерлеріне: Қазақстанның еңбек ері, жазушы Дулат Исабековке, төраға Мереке Құлкеновке, ақын Қасымхан Бегмановқа Еуразия жазушыларының естелік медальін тапсырды.
Бас
хатшы Сұлтан Раев мырзаға JS Холдингінің төрағасы, белгілі Қазақ кәсіпкері Ғани
Мырзаның атынан Қазақстан мәдениет орталығының естелік табақшасын сыйлады.
Ержан Уәйіс Бас хатшыға Қазақ шапанын кигізді. Алдағы жылда осы орталықта
«ТҮРКСОЙ»-дың Ыстанбұлдағы кеңсесіндегі атқарылатын жұмыстарды талқылады.
Кездесуге холдингтің арнайы өкілі Онур Хот және Джемиль Онур қатысты.
Ержан
Уәйіс.
«ТҮРКСОЙ»
халықаралық ұйымының Ыстанбұлдағы кеңсе жетекшісі
Қазақстанның
еңбек сіңірген қайраткері.