Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

«Ресейдің шекарасы шексіз» Путиннің қалжыңы шындыққа айналып бара жатыр ма?

68


Путин Украинаны "жасанды мемлекет" деп атаған кезде, шын мәнінде, Ресейдің өз проблемасын тұспалдап отыр. Ресей Федерациясының қазіргі аумағын Путин Ресейдің империялық кезеңдегі шекарасын түгендегісі келетін ішкі ойын жасырып жүрген жоқ.

Кеңес Одағы құлаған соң қазіргі шекарадағы жерге ие болған Ресейдің әлемдегі саяси ықпалынан айырылып, жерлерінің көбі тәуелсіз мемлекеттер еншісін алып кеткендіктен әділ бөлініс болған жоқ деген түйін олардың әрбір шовинистік көзқарасты адамдарының барлығын да бар.

 Бұл туралы 2022 жылға дейін Украинаға қарсы айтылып келсе, қазір Қазақстанға қатысты да тұспалды сөздер айтылып келеді. . 2016 жылғы Путиннің "Ресей шекаралары еш жерде аяқталмайды" деген әйгілі қалжыңы сол кезде-ақ қауіпті естілген болатын.

 2022 жылдың 24 ақпанынан кейін бұл Ресей режимінің сыртқы саяси ұстанымы сияқты көрінді. Әсіресе Украинаға басып кіруге дейін Кремльдің АҚШ пен НАТО-дан бұрынғы Варшава шартына қатысушы елдерде өздерінің әскери ықпалын тоқтатуды талап еткен ультиматумы ретінде айтылғанын ескеру керек.

Путин сөздерінде халықаралық қатынастарға империялық көзқарастың жанданғаны байқалды. Империлық колонизациялау тәсілдерін қайта жаңғырту арқылы Ресей империясын қайта құру мақсатын алдыға қойған Ресей алдағы уақытта ештеңеден тайынбайтынын көрсетіп келеді.

Кейбір сарапшылар өзін тарихта I Петр, II Екатерина және тіпті Сталинмен қатар есімін қалдырғысы келеді десе, бірқатар сарапшылар шекараны қайта қарау қажеттігі мәселесінде Путинді сендірген жасырын мотивтер болуы ықтимал деседі.  

2014 жылға дейін посткеңестік шекараларды қайта қарау тақырыбы және Белавеж келісімдерінің "заңсыздығы" туралы көзқарас солшыл-патриоттық оппозицияның және Зюганов басқаратын Ресей Коммунистік партиясының басты саяси позициясына айналды. 1999 жылы КСРО-ның ыдырауына себепкер ретінде  Ресейдің алғашқы президенті Борис Ельцинді айыптап,  импичмент жасау әрекетінде қолданылды. Ал 1993 жылы кеңестік кезеңнен қалған коммунистік өкілдерден тұратын Ресей парламенті Севастопольді Ресейдің аумағы деп жариялауға тырысты және посткеңестік мемлекеттерді бірлескен саяси, экономикалық, әлеуметтік және қорғаныс одағын құруға шақырды.

Шекараларды қайта қарау – уақыт өте келе билеуші режим пайдаланып кеткен өзіндік контрэлита жобасы болды. Осыған ұқсас, 2000-жылдардың басында режим коммунистерден антиолигархиялық риториканы қабылдады және ірі бизнеске қарсы қолданды.

Кейінірек, алғашқы "түрлі-түсті революциялардан" кейін антиамериканизмді қолданып, "патриотизм" сөзін иеленді, бұл бұрын солшыл оппозициялық коалицияларды сипаттауда қолданылып, соңында Путиннің ресми идеологиясына айналды.

Путин режимінің шекараларды қайта қарауға деген қызығушылығы неден туындады? Егер біз бұл сұрақты ресейлік билікке жақын сарапшыға қойсақ, "Косово прецеденті" туралы естіген болар едік. Мәскеу бұл туралы 2008 жылы Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін мойындағанда және 2014 жылы Қырымды қосқанда жиі еске алады.

Мұндағы логика бойынша, шекаралардың бұзылмау қағидатын алғаш рет Батыс бұзды, ал Ресей тек оның үлгісін қайталауда. Алайда мұндай салыстыру көптеген логикалық сәйкессіздіктерді қамтиды, сондықтан посткеңестік Ресейде шекараларды қайта қарау идеясы шынымен билікке жат болған кезең болған-болмағанын қарастыру пайдалырақ болар еді.

Қазіргі таңда Ресей посткеңестік республикаларды одақтас республикалар деген ұйымға кіргізе отырып, экономикалық тұрғыдар экспенсиялау арқылы қайтадан қосып алуға тырысуда. Әрине бұл мүмкін емес. Алайда осы елдердегі саяси процесстерге араласып, ресейшіл тұлғаларды қолдап, билікке әкелу арқылы жүзеге асыру әдісі қолданылады.

Қазіргі таңда Ресей Грузия мен Молдованың ішкі істеріне ашық қол сұғып, мемлекетте түрлі-түсті революциялардың орын алуына ықпал етіп келе жатқаны жасырын емес. Ресей посткеңестік республикаларды қайтару арқылы Татарстан мен Башқұртсан сынды өзінің саяси билігі бар мемлекет құра отырып, толық тәуелсіздігін қайтарып алуды көздейді. Бұл мәселе де Ресейді толық қолдап отырған елдердің бірі Белоруссия.

Алайда халқы қарсы болғанмен Ресейдің қолдауымен президент Лукашенко 30 жылға жуық билікті бермей келеді. Лукашенкодан кейіңгі билік өкілдері қандай әдіс қолданары белгісіз. Бұл мағынада келгенде Қазақстанға төнер қауіп жоқ.

Қазақстан Қытай, Түркия т.б әлемдік алпауыттармен ынтымақтастық орнатып, іргесін бүтіндеп, шекарасын шегендеп жатыр. Әрине 7 мың шақырымды бөлетін ортақ шекарасы бар мемлекет ретінде Ресейден түбегейлі бас тарта алмайтыны белгілі. Алайда Қазақстан билігінің анда-санда азу көрсетіп, батырып қалу әрекеттерінен-ақ Қазақстанның айтаққа жүгіре бермейтін ел екенін білдірсе керек.

Асылбек Байжұмаұлы

Саясаттанушы