Ресей
мен батыстың өзара қатынасы Михаил Горбачевтың тұсында бұзыла бастағаны
белгілі. Бұл туралы мақаламда қысқаша шолып өтетін. 1991 жылы Украина Кеңес
Одағы құлағаннан кейін өз тәуелсіздігін алды. Алдағы жүзжылдықта Украинаны
жерлеріне шетелдіктер таласып, басқаруға талпыныс жасағаны тарихтан белгілі.
1994 жылы Вашингтон, Москва мен Лондон Украина жеріндегі 2000 ядерлңк қаруды
иемдену мақсатында Будапешт келісімін жасап, Украинаның қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге уәде берген еді. Алайда мұның барлығы іс жүзінде бос сөз боп
шықты.
2000 жылы Путин билікке келісімен орыс ұлтшылдары
Косовадағы соғысқа алаңдай бастады. Себебі Ресей Сербияны қолдаған болатын. Ал
НАТО әскерлері Сербияның күлін көкке ұшырып жіберді. Кейін НАТО Ресейде Сербия
жағында шешім қабылдауда екінші деңгейдегі шешім қабылдайтын етті. 2002 жылы АҚШ президенті Джордж Буш Ракеталық
соққыға қарсы қорғаныс келісімінен шығу туралы шешімі жағдайды ушықтырды. 2003
жылы Иракқа жасаған шабуыл, 2003-2005 жылдары
Грузия, Украина мен Қырғызстанда орын алған «түрлі-түсті» револиюциялар,
НАТО-ның шығысқа ықпалын күшейтуі, Украина мен Грузияны НАТО құрамына қосуға
талпынысы, Ливияда Муаммар Каддафи билігін құлата отырып 2012 жылғы сайлауда
Путинді қолдаушыларды бірінен-соң бірін жою мақсатындағы жұмыстарды қарқынды
жүргізуі Ресейдің АҚШ пен еуропадан алшақтауына әкеліп соқты.
Батыс елдерінің Путиндің «Үлкен жетілікке» шақырып,
Джордж Буш, Барак Обаманың Ресейді шақырып, жоғарғы деңгейдегі өткізген
кездесулері тиісті нәтиже бермеді. Кеңес Өкіметін құлатқандарына ашулы Ресей
еуропамен тығыз байланыстағы экономикалық қарым-қатынас орнатуға ниеті болмады.
2007 жылы Мюнхен конференциясында ызалы сөйлеген Путин 2008 жылы Грузияға әскер
кіргізіп, билікті құлатып жібере жаздады. 2014 жылы Украинаның ресейшіл
президенті тағын тастап қашқаннан кейін Путин Қырымды жаулап алуға әскер кіргізді.
Сонымен қатар Донбасстағы қолдан жасақталған күштік құрылымдарға көмек беруді
бастады. 2014-2022 жылдары Донбасстың шығысында құрылған күштік құрылымдарына
Ресей ауқымды болмаса да әскери көмек беріп келді. Бұл алдағы болатын соғысқа
тыңғылықты дайындықты бастау екенін көп ешкім түсінбеді.
2022 жылы 24 ақпанда Ресей Украинаға басып кірді. Ресей
әскерлері Белоруссия жері арқылы Украинаға кіріп, 100 шақырым қашықтықтағы
Киевті басып алу үшін жантаталасты. Сонымен бірге Киев аэропортын басып алып
мыңдаған сарбазды әкелу жоспары да болып еді.
Алайда АҚШ барлау қызметі арқылы қолдарында нақты
мәліметтері бар Украина билігі Ресей әскеріне қарсы шабуыл ұйымдастырып, Javelin
танкіге қарсы қаруларды қолдана отырып, 40 шақырымға созылған орыс әскери
колоннасын тоқтатты. Ресей әскерлері Буча қаласындағы қарусыз, бейбіт
тұрғындарға қарсы аяусыз күш қолданды.
Украина астанасы Киевті жаулап алу арқылы, қолдан
басқарылатын билік әкеп, бақылап оытрамыз деген Ресейдің жоспары орындалмады.
2022 жылы Ресей әскерлері басып алған жерлер екі жақтың әскерінің бақылауына
өтіп отырды.
2023 жылы Украина іскері көп алға жылжи алмаса да
жеңілмеді. Өткен жылдан сабақ алған орыстар қорғанысын күшейтіп бекініп алды.
2024 жылы Ресей украинаның шығысында бірқатар жетістікке жетті. Себебі укарина
әскері қорғаныс шебін құрып үлгермеді.
АҚШ уәде еткен қаржылай көмекті де ұзақ күтуге тура келді.
Ресей әскерлерінің соққылары қатты әрі жабайы болды.
Қалалардың түгін қалдырмай қиратып, түрлі қылмыстар жасады. Ресей елдегі
энергия нысандарына соққы беру жоспарын жүзеге асырды. Экономикалық дағдарысқа
ұшырату арқылы украина билігін кетіру жоспарын да ойластыруда. Алдағы қыста бұл
әдісті толық жүзеге асыруы да мүмкін.
Украинаға жасалып жатқан басқыншылық соғыс масштабы
бірінші дүниежүзілік соғысқа жетпесе де аса қатыгез соғыстардың қатарына кіріп
отыр. Бүгіңгі таңда Ресей Украинаға 500 мың адамдық әскери құрылымдарды
кіргізді. Алдыңғы шепте соғысып жатқан украина сарбазбарының саны 150 мың адам
шамасында. Жалпы әскер саны 800 мыңға жетеді. Қосымша мобилизация шақыруға биыл
және келесі жылы шамасы келгенмен, одан кейіңгі жылдар осыншама әскерді ұстап
тұру украина билігі үшін қиынға түсуі мүмкін.
2014 жылы Ресей украина жерінің 18 пайызын ұстап келді.
Қазірде сол деңгейден аспады. Қырым автономдық ерспубликасы мен Донбасс,
Херсон, Запорожье, Луганск және Донецк облыстарының бірқатар аумағы
қоллдарында. Алайда Украина әскерінің
Курск облысын басып алуы орыс билігін біршама састырды.
Украина шетелдік көмекке аса зәру. АҚШ соғыс басталғалы
55,7 млрд доллардың көмегін көрсетті. Сонымен қатар Жапония, Каанада т.б
мемлекеттерде көмектесуде.
Соғыс зардабын ашық айтуға Киев те, Мәскеуде мүдделі
емес. Дегенмен қазірдің өзінде екі жақтан да миллиондаға әскердерлің қаза
болғаны белгілі. Әсіресе орыс сарбаздары қатты соққы көруде. Бұл ретте
Украинаның 5 миллионға жуық азаматы Ресей басып алған облыстарда өмір сүрсе,
2021 жылы 6,7 млн адам шетелге босып кетуге мәжбүр болды. Оның 5 миллионы
Еуропада, 3,7 миллионы батыс елдерінде көшіп, қонып жүр.
Бұл соғыс ұшақсыз ұшатын аппараттардың соғысына айналды.
Тек 2024 жылдың қыркүйек айында 1753 ұшақсыз аппарат пен 53 ракетаны атып
түсірген. Ресей теміржол бекеттері мен мектеп, балабақша, аурухана сынды
әлеуметтік маңызды нысандарды соққылауда. Бұл соғыста артиллерияның барлық
түрлері қолданылуда. Ресей күніне 10 мыңға жуық арттилериялық соққылар жасайды.
Солтүстік Кореядан жеткізілген қаруларымен атып жатқан Ресейліктердің
ракеталары әлі де жеткілікті.
Ресей басқыншылығы салдарынан Украинаның экономикалық
саласына орасан нұқсан келді. Әсіресек энергетика саласында және басқа
инфрақұрылымдарға келтірілген зиян өлшеусіз. Ресейдің шетелден алатын көмегі
тек әскери қару жарақпен шектелмейді. Тек 2022 жылы Еуроодаққа қарасты 40
мемлекеттің компанияларынан 235 миллиард
доллардың көмегін алған. Дегенмен де, мемлекеттің ішкі өнімі азйып, бюджет
тапшылығы орын алды. Қазіргі таңда бюджеттің 52 пайызы қорғаныс саласына
жұмсалып жатыр. Бұл сан әлі де өсуі мүмкін.
Бұл ретте Ресей экономикасы соғыс салдарынан ірі экономикалық
дағдарысқа ұшыраған жоқ. Батыс елдері көптеген санкция салғанымен Қытай ол
олқылықтардың орнын толтырып беруде. Сонымен бірге Ресей бұрыннан қорғаныс
саласына бюджеттің көп бөлігін арнаған мемлекет болғандықтан экономикалық
тұсында айтарлықтай зиян келмегенін сарапшылар жазып отыр.
Ресей, Қытай, Иран, Солтүстік Корея арасындағы
экономикалық, қорғаныс саласындағы қарым-қатынас мемлекеттің соғысты ұзақ
мерзімге созуына мүмкіндік жасауда. Ал батыс елдері қаржыландырудың тоқтатқан
жағдайда Украинаның жағдайы мүшкіл болмақ. Сондықтан да Зеленский әлемдегі
барлық дипломатиялық кездесулерде сөйлеп, Украинаны қолдауға шақыруда.
Зеленскийдің мақсаты Еуроодаққа өту. Еуроодаққа өтсе
НАТО-ға мүшеллікке өтуге мүмкіндік туады. Ондай жағдайда Ресей Украинамен емес
НАТО-мен соғысуға мәжбүр болады. Бұл үшінші дүниежүзілік соғыстың басталып
кетуіне әкелері сөзсіз. Еуроодақ Украинаны үміткер ретінде тіркегенмен
толыққанды мүше етіп, НАТО-ға алуға асықпай отыр.
Сонымен Украина Ресей тартып алған 2014 жылғы территориясын
қайтара ала ма? Қайтара алмаса намысын жерге тығып қойып, болашақта қайтарып
алармыз деген үмітпен Ресеймен келісімге келіп, соғысты тоқтатуға мәжбүр болуы
мүмкін. Алайда Ресей қандай ультиматум қояры белгілі. Ресей қантөгісті тоқтату
үшін Қырым мен Херсон, Луганск, Донбасс және Запорожье облыстарын толық беруді
талап етері ғажап емес. 2008 жылдан бері НАТО Укрианның өз қатарына шақырды.
Украина қорғанысына кепілдік береді деген үміт болғанмен Ресей басып кіргенде
де НАТО уәде етумен ғана келеді.
Аладғы уақытта созылып кетуі мүмкін соғыста Украина
тарапына Жапония, Канада т.б мемлекеттер шектеусіз көмек бере бере ме? Алда
болатын АҚШ-та өтетін президент сайлауы да Украинаның соғыста жеңіске жетуіне
немесе соғысты тоқтатуына әсер етері сөзсіз. Қазіргі таңда Германия мен
Оңтүстік Корея көмек көрсетеміз деп уәде беруде.
Қазақстан Президенті Германияның канцлері Шольцпен кездесуінде «Ресейді соғыспен жеңу мүмкін емес» деген сөзінің жаны бар. Ресей соғыста аз ұлттар мен түрмедегі азаматтар, көшедегі әлеуметтік дағдарысқа ұшыраған адамдарды салып жатқаны шындық. Соғыс барысын пайдаланып ресейліктерді тазалап алуды да ұмытқан жоқ. Нақты әскери күшін ресей әлі көрсеткен жоқ.
Бұл ретте Тоқаев Ресейді тек соғыспен емес басқа да экономикалық жолдармен де тоқтатуға болатынын меңзеп отыр деседі сарапшылар. Қазақстан екі жақтың да ортақ келісімге келіп, соғысты тоқтатуға мүдделі мемлекеттердің бірі. Бұл уақытта Ресей өзімен ынтымақтастық орнатқан мемлекеттермен бірігіп БРИКС ұйымын құруға талпынуда.
Қазан қаласында өткен БРИКС саммитінде Қытай, Үндістан, Түркия сынды державалар келді. Жалып БРИКС өз ақша айналымы бар, жеке экономикалық зона құрған БҰҰ жарғыларына бағынбайтын бөлек халықаралық ұйым ретінде құрылып отыр. Қазақстан БРИКС ке бақылаушы ретінде қатысса да мүшелікке өткен жоқ. Себебі, санкция салдарынан Ресей экономикасына қажетті тауарларды «білдірмей» алып отыру үшін Қазақстан "қарсылық танытқан мыс" театрландырған қойылым ретінде қарастырады. Себебі ортақ 7 мың құрылқтық шекарасы, ортақ экономикасы бар Қазақстан Ресейден толыққанды бас тартапсы бесенеден белгілі. Соңғы жылдары АҚШ пен батыс елдерінің Орталық Азияға деген қызығушылығы артып келе жатқаны белгілі.
Ресей мен Қытай үшін де Қазақстанның санкцияға ұшырамағаны аса қажет. Сондықтан да алдағы уақытта Қазақстан мен Орта Азия елдері Ресей мен Қытай үшін «көпір» ретінде пайдаланылатыны белгілі. Ал Украинадаға жағдайға келер болсақ, соғыс барысы юиыл жылдың соңында немесе 2025 жылы өзгеріп кету мүмкін. Себебі ұзаққа созылатын соғысты Украина экономикасы мен халқы көтере алмауы мүмкін. АҚШ Израильді де қаржыландыра отырып, Иранмен соғысқа итермелеп отырғаны рас.
Қазірдің өзінде миллиардтаған доллар қаражат Израильдің қорғаныс саласын дамытуға жұмсалуда. Иран ядролық қаруы бар, Ресейді қолдап отырған ірі мемлекет. Сондықтан Израильдің қолымен Иранды әлсірету арқылы Таяу соғыста соғыс өртін тұтату саясаты АҚШ-тың қалтасына да оңай тиіп жатқан жоқ. Америкадғы саясаткерлерде бұл авантюраны тоқтатып, қаржыны АҚШ дамуына салу керек деген ұрандар да тасталуда.
Алайда Кеңес Одағы кеткеннен кейін, өзінің саяси ықпалын әлемге жүргізуді көксеген АҚШ пен Ресей сынды елдердің саяси ойындарының салдарынан жазықсыз миллиондған адам қаза болып, миллиондаған адамдар босқын атанып, ел, жерін тастап кетіп жатқанын көзіміз көріп отыр. Ешқандай соғыс жақсылық әкелген емес. 1941-1945 жылдардағы екінші қан соғыста қаза болған 50 миллоннан астам адам адамзаттың есінен кетпеген болу керек.
Қандай жағдай болмасын, Қазақстан өзінің көпвекторлы саясатын ұстана отырып,
экономикалық даму жолын таңдап отыр. Әлемдік саясаттағы интригалар қазақстанды
айналып өтеді және біздің мемлекетіміз алдағы онжылдықта дамушы мемлекеттер
қатарынан көрінеді деген сеніміміз зор.