Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Қазақстанға Ресейден "қымбатшылық" келе жатыр...

63



2025 жылы Ресейде азық-түлік бағасы шамамен 15%-ға қымбаттайды деп күтілуде деп жазады DALA FINANCE.

Бұл инфляцияның өсуі, тасымал шығындарының артуы және Ресей Орталық банкінің жоғары базалық мөлшерлемесімен байланысты.

Қазақстан үшін де бұл қымбатшылықтың қаупін арттырады, себебі еліміз Ресейден азық-түліктің айтарлықтай бөлігін импорттайды. Осылайша, біз көршілес елден "инфляцияны" да бірге аламыз.



Қазақстан Ұлттық банкінің деректеріне сүйенсек, елімізде азық-түліктің 75%-ы ғана жергілікті өндірістен қамтамасыз етіледі, ал қалғаны сырттан, әсіресе, Ресейден тасымалданады.

Мысалы, консервіленген көкөністердің 88%-ын, қанттың 71%-ын, шұжық өнімдерінің 67%-ын және сүзбенің 44%-ын Ресейден импорттаймыз. Мұндай жағдай Ресейдегі инфляция Қазақстан нарығына да тікелей әсер ететінін көрсетеді.

Алдағы уақытта азық-түлік бағасының қымбаттауы Қазақстандағы инфляция деңгейінің өсуіне ықпал етуі мүмкін. Бұл жағдай, әсіресе, халықтың әлеуметтік жағдайына әсер етіп, қазақстандықтардың негізгі тұтыну тауарларына деген шығындарын арттырады.