Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде болсын, әртүрлі бас қосу алаңдарында болсын, батыстың реформаларымен құрылымдарын үлгі етуді насихаттау, қатты белең алып бара жатқаны ешкімге жаналық емес шығар? Жақында әлеуметтік желіден осындай бір мақаланы көзім шалып қалды. Сол мақалаға салыстырмалы түрде өз ойымдыда халыққа ұсынғым келді.
Батыста оқуын жетілдіріп жүрген бір баурымыз былай депті (мақаламды жалпылама осындай үрдіске негіздегім келгендіктен, “бір адамның ойына жауап” шеңберіне телігім келмегендіктен, аты-жөнін жазуды маңызды санамадым);
«Американы айта берді деп сөкпегейсіздер. Білім мерекесіне орай айтылмаса болмайтын тағы бір ой бар.
Осыдан екі жыл бұрын Бостонда ұлым Алаш бірінші сыныпқа барды. Келер жылдың күзінде екіншіге көшті. Екіншіге келсек, мұғалім басқа, оқушылардың көбі былтыр бірге оқығандар емес. Сөйтсек, мектепте сынып жетекшілерін жыл сайын ауыстырып, оқушыларды сыныптарға қайта бөліп тастайды екен. Айталық, мектепте бірінші сыныпта төрт класс болса, келер жылы әр класты төртке бөліп, класстарды қайта жасақтайды. Оның пайдасы мынадай.
Біріншіден, оқушылар өзгеріске үйренеді. Өркениет пен даму өзі өзгерістен тұрмаушы ма еді! Ондағы балаларда мектеп бітіргенше бір бөлмеде, бір партада отыру деген жоқ. Жылда өзгереді. Үлкейген соң өзгерістен көп стресс алмайтын болады. Өзгерісті өмірдің соңы деп емес, бастауы деп ұғатын болады. Жалпы, егер Американы әлемнің алпауыты етіп отырған формуланы бір сөзбен жеткізер болсам, "өзгеріс" дер едім. Өзгеріс ғайыптан тайып келе салмайды екен. Өзгеріске бірінші сыныптан бастап міне осылай тәрбиелейді.
Екіншіден, мұғалім маманданады. Себебі, бірінші сыныптың класс жетекшісі тек қана біріншіге, екіншінің мұғалімі тек қана екіншіге ғана сабақ береді. Американы алпауыт елге айналдырып отырғар екінші күш бұл–мамандану. Бірінші сынып пен екінші, екінші мен үшінші сынып балаларының танымдық-псиxологиялық дамуы әртүрлі. Сондықтан, өмір бойы бірінші сыныпқа сабақ беретін мұғалім сол жастағы балалармен жұмыс істеуге маманданады. Бірінші сыныптарға білім беру жөнінде ғылыми материалдарды оқиды. Жыл сайын кәсіби білігін жетілдіріп отырады. Бізде төртінші сыныпты аяқтатқан сынып жетекшісі бірінші сыныпқа қайта оралады да, біраз уақытқа дейін өзін-өзі біріншінің балаларына төртінші сынып оқушырына сабақ бергендей ұстауы мүмкін.
Қорыта айтсақ, дамудың көздері –өзгеріс пен мамандану мектептен басталады»-дептееее!
Хош делік! Мұндай ұсыныстарды оқығанда, бір қарағанда бәрі керемет болып көрініп қалуы бек мүмкін. Ал, тереңірек талдай бастасақ, біздің менталитетімізбен ұлттық болмысымызбен үйлеспейтін қаншама қарама-қайшылықтарға тап боламыз.
Сонымен әлқисса!
Өз басым оқушыны әр сынып сайын ауыстырғанды дұрыс көрмеймін. Өйткені, буыны қатпаған өскелең ұрпаққа мұндай “аласапыран”,оларда ұжымдық, достық, бауырмалдық қатынастардың қалыптасуына үлкен зиянын тигізеді деп ойлаймын. Себебі, мұндай тәрбиемен сусындаған жастар, қоғамдағы өзгерістерге(жақсысы болсын, жаманы болсын) селқос қарап, бейтарап жүре беретін тобырға айналдырудың алғашқы баспалдағындай мен үшін. Мысалы, біз сыныптастарымызбен әлі күнге жиі жақсы араласып тұрамыз. 11 жыл бірге оқып, балалық бал дәуренімізді бірге өткізіп, қаншама жыл бір партада отырғандықтан, жастайымыздан бір-бірімізді айтпай-ақ түсінеміз. Қуанышта да, қайғысына да жиналып, бірге болуға тырысамыз.
Адам әртүрлі қиындыққа түскенде, әйтеуір жалғыз қалып кетпесіне сенімді болады.
Әскердегі достарымменде солай. Екі жыл бір нанды бөліп жеп, бірімізді біріміз жүруге шамамыз келмеген кездерде талай арқалағанбыз. Өз қаламыздағылар үнемі хабарласып, ақылдасып, көмектесіпте тұрамыз.
Олда бір ғанибет!!!
Американдықтармен біздердің дүниетанымымыз екі бөлек. Оларда отаншылдық, туған жерге деген сағыныш жоқ десең де болады. «Ит тойған жеріне» деген мақалға сұранып тұрғандай. Оның да өз себебі бар. Ол өте тереңде жатыр.
Америка халқы дегеніміз, келімсектерден құралған тобыр екені бәріне аян. Ол жердің негізгі тұрғындары индеецтердің(үндістердің) 95% пайызын жойып жіберілгендіктен, одардың орнына сонау африкадан әкелінген құлдармен толтырылған. Оларда қайдан болсын Отан, Жер, Достық деген ұғымдар. Өйткені, бүгін анау қожайын сатып алса, келесіде басқа штатқа кетіп қалуы мүмкін. Бауырмалдық ұғымы қайдан болсын оларда.
Ақ нәсілділерде солай. Әр жақтан жиналған, ортақ мүддесі жоқ, бір күнімен өмір сүретін тобырлар.
Ал негізгі тұрғындары индеецтерге (үндістерге)берілген штаты, ол– Невада штаты. Олжер–ядролык сынақтар өткізетін полигон штаты.
Енді қараңыз....
Сондай қойырпақталып, әр жерден жиналған тобырлардың ұрпақтарында, ортақ мүдде деген ұғым қайдан болсын?!
Сонымен, қазақ ұлтынан ешқандай принципсиз, бәріне бейтарап қарайтын, нұсқаған жағына кете беруге "бейімделгіш, бәріне жаңашылдық деп, түсіністікпен қарайтын тобыр" тәрбиелеп шығару ең бірінші кімдерге пайдалы?
Бұл сұрақтың жауабын әр адам өзі іздегені абзал. Мына жерде оны көзге шұқығандай нұсқап беруге болады. Бірақ, «Шайнап берген ас болмас, тісі шыққан балаға» –дегендей, әрбір саналы адам өзі ізденгені жөн. (бұл мәселеніде “отбасы-ошақ қасынан” іздеместен, сондай түсініктің “қайнар көзі” батыстан іздеген дұрыс)
Әр саланы реформалағанда, геніне сіңген ұлттық ерекшеліктерімен мәдениетіне титтейде зиянын тигізбестей етіп, өз ұлтыңның менталитетіне нұқсан келтірмеуіне баса назар аударылуы керек.
Кейбіреулер ойлайтын сияқты "Әкем қазақ болғансоң менде қазақпын" деп.
Хоооош делік!!!
Олай болса, біздердің тек тәніміз ғана қазақ болады. Мұндай жауап, өзінің тәніне ғана қатысты жауап болса керек. Ал сенің жанына, рухыңа қатысты сұраққа мынандай жауаппен құтылмасың анық.
Егерде сен қазақтың тілін білмесең, тарихыңды білмесең, батырлар жырын оқымаған болсаң, "Абай жолымен" "Көшпенділердің" бетін ашпасаң, М.Жұмабаевтың екі өлеңін жатқа айта алмасаң, домбырадан гитараны, асықтан карта ойнын, көкпардан хоккейді артық көрсең, онда сеніңқай жерің қазақ?!
Мен ешкімге қатып қалған принципті ұстан демеймін. Ол дұрыс емес. Дүниедегі әрбір өзгерістен, өзіне керегін теріп алуғада болады ғой.
Басқаның, өздерінің дүниетанымымен мәдениетіне сай, талай жылғы нешеме реформалардың нәтижесінде пайда болған дүниесін, өз еліне әкеліп, сол қалпында енгізе салудан, ұтарыңнан ұтыларың көп болуы бек мүмкін.
Ол жағы кімді алаңдатады?!
Әрине, жаны қазақты алаңдатады. Ал, тәні қазақтың оған бас ауыртуы екіталай.
Мысалы, осы посттағы американың оқыту жүйесі мен олардан кем дамымаған Жапондардың оқыту жүйесін салыстырсақ. Жапондарда бала бастауышты бітірмей, оған ешқандай шетел тілі оқытылмайды. Бала тек жапон тілінде білім алады. Жоғарғы сыныпты бітірерде жапон әдебиеті мен тарихынан білімін қатты тексереді. Егерде, ол сыннан жақсы өте алмаса, онда ол бала шетелге оқуға жіберілмейді. Өйткені, бала қанша жерден білімді болғанымен, жапон тарихымен мәдениетін бойына сіңірмеген маман керек емес. Себебі, жапондарға баланың тәнінің жапон болғанынан, жанымен рухының жапон болғаны артық. Сол жапондар қазір кімнен кем? Дәл қазір бәрінен алда.
Ойланып көріңіз. Екі мысалдағы білім беру жүйесінің қайсысы бізге тиімді, немесе біздің бодандықтан жұлмаланып, ұлт ретінде жойылып кетежаздап, қайта тірілген қазаққа қайсысы керек қазір?!
Кеше бір таныс ағамыз ашынып отыр. Мұғалімдікке мектепке орналасуға, комиссияның алдына келген ЖОО бітірген болашақ мұғалімдердің 10-ның 8-іқойылған сұрақтарға жауап бере алмаған. Мысал келтіретін болсақ, Байтұрсынов кім болған? Қазақтың соңғы ханы кім? деген қарапайым сұрақтарға.
Айтуларынша өзінің мамандығына тікелей қатысы жоқ сұрақтар екен бұлар!!!
12 министрдің 10 реформасының жемісі осы.
Америка жаңалыққа бейімделгіш ұрпақ тәрбиелеуге ұмтылып жатса, біздер ондай "Бейімделгіш" ұрпақты тәрбиелеп шығарып қойдық осы күндері.
Корейге еліктеген "НАЙНТИ УАН" тобын ТВ-дан арнайы уақыт беріліп жарнамалап, сырға тағып шаш бояудың жарнамасының арқасында, сол стильдің фанаттары да "бір қауым ел" болып қалды қазір.
Арабтарга еліктеген, "келте балақтардың" тобырына қойыңдар деуден қалдық. Тағысын-тағы! Айтары жоқ...
Сонымен, жаңағы екі елдің оқу жүйесіне келсек.
Әр ұлт өз келешек ұрпағының болашағы үшін, алдарына бір мақсат қойып, сол мақсат аясында бір оқу жүйесін қалыптастырып, сол бойынша келеси ұрпағын дайындап шығарады.
Әрбір істе ең алдымен межеде бір мақсат тұрады. Әркімде ол әртүрлі мақсат.
Жапондар ұлттық мәдениеті мен менталитетін сақтап қалуы үшін(жапон мемлекеті үшін емес, жапон ұлты үшін) олар осындай жолды таңдады. Одан экономикасы құлдырап жатқан олар жоқ.
Екіншісі, ұлт деген түсінік мүлдем жоқ, әр жаңашылдықты қабылдарда, ұлттық мәдениетіміз бен менталитетімізге қалай әсер етеді деген ой мүлдем түстеріне де кіріп шықпайтын америка елі.
Ал енді таңдайық. Қайсысы бізге жақындау? Қай жолмен жүру бізге тиімдірек? Немесе, өзіміз-ақ шығарайық бір жоба. Бар ғой білікті мамандар өзіміздеде.
Біреудің костюмі екінші адамға дәл солай келе қалуы сирек жағдай болатыны сияқты, әрбір елдің реформасы келесі елге мүлдем келмеуі мүмкін.
Ең алдымен реформа таңдау үшін, алдымен ұлттық идеологиямыз қандай деген сұраққа жауап тауып алуымыз керек шығар?
Осы сұрақтың жауабы қандай болса, соған лайық өзгерістер қабылдауға болады. Ортақ идеологиясыз, әр "көреген" өз түсінігімен бұрмаласа, қай дүние оңушы еді?!
Әрбір ұлттың іргетасы оның – ұлттық идеологиясы мен ұлттық құндылығы.
Егерде, өз кұндылығымызға негізделген идеологиямыз бірінші тұратын іргетасымыз болмаса, онда, әр елдің "кірпіші мен топырағын" әкеліп, ол жерге қалайша "зәулім үй" тұрғызбақпыз?
"Ескіні көрген" жақсы-жақсы ұстаздарымыз бен білікті ғалымдарымыздың көзі тірісінде, білім саласын ұлттық негізге ұштастырып алмасақ, кейігі келетін "реформатор данышпандардан" үміт жоқ!