Осы тақырыпқа
арқау болып отырған азамат кім ? Іргелі екі елдің спорт саласында елеулі
еңбегімен көрініп , " Спорт шебері " дәрежесін еншілей ілгері
ұмтылыспен келе жатқан Нұрлан Мәулен ұлы . Оның жүріп өткен жолында қалған
ізіне үңіліп , тарихи тұлғасының қалыптасуына көз жіберіп көрейік ... Монголия
мемлекетіне тиесілі " Бүркіт "тауының бөктеріндегі Делуін елді
мекенінде өмірдің есігін ашқан ол ата -ананың аялы алақанында өсіп ат жалын
тартқан.
Жастайынан намысы жігерін қайрап қайрап, сәби жүрегі
күрес өнеріне ынтықтыра берген . Ұлының бұл талабын сезген әке күрес өнеріндегі
әдіс - айлаға кәніктіріп талпындыра түсті. Ауыл балаларымен білек айқастырып ,
белдесе кеткенде дегеніне жетіп тынатын .
Бұғанасы қатпаған ұлын күрес өнеріне ұмтылтқан әке де
белдесуден құр жаяу емес болды ... Қарашадайынан білек күшін сомдаған бала
Нұрлан мектеп қабырғасында Монголдың ұлттық күресімен шұғылдана жүріп , самбо ,
Дзю- до күрестерінің әлеміне сүңги бастаған.
1977 – жылы от
басымен Хэнтай аймағының Чандган қазына шаруашылығына көшіп бастауыш мектепті
сонда жалғастырды. Орта мектепті бітіре 1982- жылы техникумға жолдама алды. Оқи жүріп белдесуге үзбей дайындалғанның нәтижесінде
1985 жылы жастар арасында өткен сайыста самбо күресінен алтын жүлдені
қанжығасына байлап Монголияның чемпионы атағына ие болды.
Бұл Дархан қаласында өткен дүбірлі дода болатын . Ерекше
көзге түсіп ,топ жарғанына тәнті болған самбо күресінің әлем чемпионы ,
мемлекеттік " Зан" (піл) , жаттықтырушы Дамбжавтың Цэнд- Аюшы өз
қарамағына алып баптап, үлкен спорттың қақпасына толықтай енгізді.
1985 - жылы техникум бітірісімен мұғалымдер институттың түсті
де 1986 жылы армияның әйгілі "
Алдар" (даңқ - қаз..) спорт орталығында екі жыл дзюдо күресінеде темірдей
қатаң тәртіппен күрестін қыр - сырына қанық болып дайындығын жалғастыра берді .
Сан реткі жарыстарға қатысып биік мәртебемен көш басынан
көрінген ол " Монголияның спорт шебері " атағына қол жеткізді . "
Алдар" (даңқ - қаз..) спорт орталығында өткен екі жылды үлкен дайындықтың
шеңберінде өткізді . Спротық өмірдің
ыстық-суығына төзе жүріп ЦэндАюуш мұғалімнің қолынан бапталған ол 1988 жылы
ауылына оралды.
Тәлім мен тәрбиенің үлкен ошағы болған " Алдар"
(даңқ - қаз..) спорт орталығында сатында жүрып жігермен қайратын толықтырған ол
бапкерлік ісін қайта жалғастырды.
Инстуттағы мұғалімдік оқуын сырттай оқуға алмастырып
шәкірт тәрбиелеу жолына түсті. Жеке күрес үйірмесін ашып ынталы балаларды
күреске баулумен айналысты.
Бапкер Нұрлан шәкіртері Тілеубек Шәкейұлы Шеряздан ұлы
Байдәулет, Нұрбол Солтанұлы, Жеңіспек Сақабаұлы, Ынтықан Сыдық ұлы қатарлы
шәкірттерінің келешекте жеңіс тұғырынан көрінетініне сеніммен қарады. Оның
қажымай -талмай істеген қажырлы еңбегінің жемісі кейінгі жылдарда кезек -
кезегімен көрініп даңқын өрге сүйрелейтіні уақыт еншісіне қалған еді.
Араға жыл салып 1989 - жылы Сақба қызы Таниямен жұбайлық
өмірдің босағасын бірге аттап жанұялық жауапкершілікті мойнына көтерді.
Еркін ойдың өрісі болған жариялықтың дабылы Қазақ
мемлекетінің егемендігін әкеліп тәуелсіздігін жариялаған күнінен бастап шет
мемлекеттегі қазақ қандылар үдіре көшкен аласпыран сәт.
Шет жүрген Қазақ ұлтының ауа көшуіне түрткі болған ел
басының әлем қазақтарын шақырған жарлығы еді. Ата жұрттың топырағына табаным
тисе деген әке арманымен келешегінің кемелді болуына ұмтылған жігіт ойы астасып
бір арнаға тоғысып кетті.
Үдіре көшкен қазақ көшінің шаңын көтерісе туған жерімен
жылай -жылай қоштасып шегара асқан .Әуелгі таңдауы Алматыға түскен. Бұл 1991 -
жылдың маусым айы болатынды. Бірақ ағайын - туыстарының көбі Сары арқаның сәні
болған Ерейменге қоныс тепкені іргесін қайта қозғап Бәймен бөлімшесіне қарасты
өңірге кереге жайуға мәжбүр етті.
Сылдырап аққан бұлақтың екі жағын қоршай жарыса
салмаланып жатқан Қарашат жайлауы Қазақстан совхозына қарасты аумақ екен .
Мамандық жұмыс орнының жоқтығы қой бағуға әкеп тіреді.
Ата жұрт деп келіп қой соңына түскені намысына тиіп
қынжылтсада істер шара жоқ бұйрыққа еріксіз тәуекел етіп уақыттың еншісін күтті.
Дені неміспен
орыстар мекендеген елмен араласып , жердің сырына қанық болмасада тағдырының
дегенін мойындап бір отар қойдың соңына ерген. Мал бағудың қыр сырына қанық
емес Нұрлан үшін ең бір ауыр кезең болсада мойымады.
Орыстанып кеткен адамдармен тіл айқасып жарасып кетуге
орыс тілі алдын орап кес -кестеп тұрады . Уақыт желісімен күндер сырғып өтіп
жатты. Биік тауларға бөктерлей тұнған бұлыңғыр тұман қар шақыра сырғып түскен
аққайңның сарала жапырағына қырыу болып тұна бастаған күздің соңғы айы. Ауа
райы күннен - күнге сүркейленіп , жеті желдің өтіндегі отырған малшы ауылдарды
Бәймен қыстағына көшіріп жеткізе бастаған .
Бәймен бөлімшесіне қоныстанған оларға қолға қаратылған
малды күтімі міндеттелген. Қыс бойы аққарға оранып жататын бұл өлкенің табиғаты
тым қатал ақ боранды болып келетіні қажытып та жібергенімен шыдап баққан.
Ұзын құлақтан Нұрланның атақ даңқын естіген Қазақстанға
аты әйгілі Рүстем Ыбыраев пен Марат Матышов Байменге жолы түскен. Танысып
білісе келе Өлеңтідегі жаттығу орнына барып біраз жаттығу жасап жарыстарға
қатысуды ұсынып ақыл кеңесін берді .
Бір аптадан астам
уақыт Өлеңтіде жаттығуда болған Нұрлан Ақмоланың Наурыз тойында күресіп топ
жарып, алдыңғы орынды жеңіп алса, Көкшетауда өткен жарыста ағалап алға шықты.
Оның бұл жеңісі түбегейлі өзгеріс беріп алдағы мақсатына
жетудің сәтті қадамына жол ашты. Бәйменің мәдениет үйінен орын алып , жаттығу
ұйымдастырып дәріс өткізуіне ықпал берді.
Сол кездегі жоқшылық қолын байлағанымен Германия,
Россияға көшіп жатқандардың кіле , төсеніштерінен алып еденіне төседі .Басқада
спорттық жаттығуға қажетті бұйымдарды іздеп тауып күреске жасөспірімдерді
дайындауды қолға алды.
Бәймен ауылының төңірегіндегі отызға тарта жанұяның
талантты балаларын іріктеп үміттілеріне дәріс өткізіп кетті .Осы ізденісі
шәкірт баптап шығарсам деген ізгі ниетінің көрінісі болатынды.
Аз уақыттың ішінде іріктеп дайындаған жастары аудандық
жарыстарда қирата жеңіп алға шыққаны мәртебесін асқақтата берген.Осындай
тірлікпен айналысып жүріп екі жылдың қалай өткені сезілмей қалған. Сол бір
жылдар Қырдағыны ойға, ойдағыны қалаға сүйреп қоныс аударта бастаған заман
талабы Нұрланды да Бәйменнен қозғап Благодатқа қоныстануына мәжбүр етті.
Қазіргі "Олжабай батыр" ауылының мектебіне дене
шынықтыру мұғалімдік қызметіне орналасып бапкерлік қосалқы ісін жандандыра
түсті .Сол тоқырау кезеңіндегі дайындықта болған шәкірттерінен аудандық ,
облыстық жарыстарда топ жара алға ұмтылғандары да болды.
Заманның талабы
оны бұл қызметке ұзақ уақыт тұрақтатпады . Жаңа құрылған жас мемлекеттің
қаржылық жүйесі төмендеп , экономикалық дағдырыстың салдарынан жалақы төлеу
мерзімі шегеріле бастаған жылдар .Тіршілік тауқыметімен кәсіпкерлікпен
айналысып сауда жолына түсуді көздеген.
Негізгі мұғалімдік қызметін жұбайы Тания Сахаба қызына
тапсырып мектептен қол үзді . Жары Танияда осы спорт саласымен айналысатын
педогог , тәжірибелі маман тұғын .Бүгінде оның Қазақ спортына қосқан үлесі ұшан
теңіз, жеткен жеңістері де аз емес. Белбеу күресінің " Қазақстан спорт
шебері " атағын орындап тастаған ардақты ана.
Осындай тіріліктің
дүбенінде жүргенде ,2000 - жылда келіп жеткен . Өсіп келе жатқан ұлдарын үлкен
ортада тәрбиелеп ірі жетістіктерге жеткізу мақсатымен аудан орталығына қоныс
аударды. Қанжығалы Бөгенбай мекендеген топыраққа көш басын тіреп ошақ құрған ол
еңбекпен қамту орталығының нұсқауымен күнделікті әртүрлі жұмыстармен нәпақасын
тауып, бала шағасын асырады.
Көше сыпырып , жүк тиеумен уақытын сарып етті . Қатарласа
өсіп келе жатқан ұлдарын күреске баули жүріп , екі жыл өте спорт мектебіне
жаттықтырушы ұстаз болып орналасты. Сол күннен бастап бапкерлік ісін тікелей
жалғастырып ірі жетістіктердің есігін ашты.
Боз кілемнің құдіретіне бағынып қолынан бапталып шыққан
ұлдар әлемдік додаларда көш бастағаны қажымай талмай алға қойған мақсатына жете
бастағанының көрінісіне айналды .Кері тартқан қиындықпен кедергілі көрсе қызар
қызғанышты жеңе жүріп тайсалмай істеген еңбегінің жемісін көрді.
Қарашадайынан өз ұлдарын да спортта әлемдік деңгейде
көрінуін армандап келешектерінен үлкен үміт күтті . Жұбайы Таня екеуі
балаларының жүріп өтер жолын айқындап үйде де , түзде де күрестен қол үзбей
жаттығуды талап етіп отырды .
Сапалы білім саналы тәрбие алуын бақылауда ұстай білді.
Бір олар емес баптаған атан жілікті атпал азаматтары байрақты бәсекелерде көш
алдында көріну Нұрлан үшін биік мәртебенің мінберіне айналды.
Ереймен өңірінде
дәріс алып бапталған шәкірттері: Әділ Қапсіламовбен Арман Мұстапин ДЗЮ- ДО
күресінен Қазақстан республика - сынның чемпионы атағын қорғаса,Ұнайбеков Айдар,
Аубакров Тохтар, Анафин Азат, Сабыржанов Азамат, Тілеубергенов Самат қатарлы азаматтар жүлделі орындардан
бой көрсетіп еңбегін толықтырды.
Ал Нұрланның өз ұлдарын Есенбол , Ербол , Бекболдар Азия чемпионы, әлем чемпионы атағына
табан тірегені спорт әлеміндегі ұлы жеңіске бетбұрысының серпінін шыңдай түсті
.
Тіптен спорт әлеміне бапкер болған өткен ғасырдағы
шәкірттеріне келер болсақ, Монголияда алғаш талпындырып баптаған Тілеубек Шәкей - Қазақстанның спорт шебері,
ірі жарыстардың жүлдегері, жаттықтырушы ұстаз Павлодарда, Шерияздан Байдәулет - Қостанай қаласында, Қазақстан
республикасының спорт шебері, ұстаз. Нұрбол Солтан- Қазақстан спорт шебері , Азия
чемпионы , жаттықтырушы, ұстаз Жеңісбек
Сахаба - Қазақстан спорт шебері , жаттықтырушы ұстаз Астанада, Ынтыхан Садық- Қазақстан спорт шебері
,жаттықтырушы, ұстаз Қарағандыда. Ц.Эрднэхуяг- Монголия мемлекетініе спорт
шебері, жаттықтырушы. У. Ганбаатар- Монголияның спорт шебері, жаттықтырушы.
Бәріде байрақты бәсекелерде ірі жетістікке жеткен спорт
саласының жанкүйерлері. Оның бұл өмірдегі мақтаныуына тұрарлық ерекше жетістігі
төрт ұлын өзінің жүріп өткен жолымен тәрбиелеп әлемдік боз кілемде неше дүркін
топ жарып көк байрақты көкке көтергені.
Қатар өсіп келе жатқан балалары әке жолын қуып азулы ,
алыптармен айқаста әлемдік дәрежні жұлып алу ата - ана ,ел жұртының мерейін
асқақтатуда .
Бес дүркін әлем чемпионы Бекбол бастаған ағайындар тобы
ұлы жеңістерге жетіп көк туымызды биікте ұстай берсін.
Батырлардың мекені болған Ереймен жерінен 2013- жылы
Қоянды ауылында жаңа ашылған мектепке жаттықтырушы - мұғалімдікке шақырылып
келген кәсіби маман иесі Нұрекең жаттықтырушы бапкерлік ісін жаңа ортада
жалғастырды.
Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтыру - шысы Нұрекең
Белбеу және ұлттық күрес қауымдастығының төрағалығына 2014 жылы , Халық аралық
дәрежедегі төрешілікке 2016 жылы қол жеткізген. Белбеу және ұлттық күрестен
Қазақстан республикасы - ның спорт шебері, дзюдо күресінен Монголияның спорт
шебері қатарлы абыройлы атақты арқалады.
Қазір Ақмола облысының Белбеу және ұлттық күрестен
федарацясының президенті қызметін атқару міндетін жүктеген .
" Жылдың үздік жаттықтырушы- сы " номинациясын 4-рет
жеңіп алуы ерен еңбегінің куәсі. Ол баптаған құрыш білекті палуандарымыз алдағы
байрақты бәсекелерден сүрінбей өтіп , Нұрлан бауырымыздың ерен еңбегі жеңіс
биігінен көрінсін! Тек сәттілік!
Міне , құрметті азаматымыздың 2013- жылға дейінгі
өмірінің абыройлы айнасының бір көрінісі. Соңғы он екі жылдағы еңбегіне де
қалам тербеп көз жіберерміз. Елім деп оралған ердің еңсесі осындай болмақ.