Си Цзиньпин Солтүстік Кореяға жеті жылдан кейінгі алғашқы мемлекеттік сапармен барды

60

Munarmedia.kz | 11.06.2026 | ASTANA Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин жеті жылдан кейін алғаш рет мемлекеттік сапармен Корея Халық Демократиялық Республикасы астанасы Пхеньян қаласына келді.

Жоғары мәртебелі мейманды КХДР Мемлекеттік істер жөніндегі төрағасы Ким Чен Ын салтанатты түрде қарсы алды. Ресми кездесу Пхеньяндағы Ким Ир Сен алаңы алаңында өтті.

Келіссөздер барысында тараптар екі ел арасындағы дәстүрлі достық қатынастарды нығайтуға бейілді екендерін растады. Сондай-ақ саяси, экономикалық және гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Си Цзиньпин халықаралық аренадағы стратегиялық өзара іс-қимылды күшейтудің маңызын атап өтті. Өз кезегінде Ким Чен Ын партияаралық және мемлекетаралық байланыстарды кеңейтуге дайын екенін білдіріп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін жеткізді.

Сарапшылардың пікірінше, бұл сапар Қытай мен Солтүстік Корея арасындағы қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеруге және өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзара үйлестіруді күшейтуге ықпал етуі мүмкін.