Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Си Цзиньпин Вьетнам, Малайзия және Камбоджа елдеріне мемлекеттік сапармен барады

44




БЕЙЖІҢ, 2025 жылғы 11 сәуір /TASS/ — Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин 14–18 сәуір аралығында Вьетнам, Малайзия және Камбоджа мемлекеттеріне ресми сапармен барады. Бұл туралы ҚХР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, Си Цзиньпин 14–15 сәуір күндері Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам мен Вьетнам Президенті Луонг Куонгтың шақыруымен Ханойға барады.

Сондай-ақ, 15–18 сәуір аралығында Қытай көшбасшысы Малайзия Королі Ибрахим мен Камбоджа Королі Нородом Сихамонидің шақыруымен Куала-Лумпур мен Пномпень қалаларында ресми сапармен болмақ.

Айта кетейік, Вьетнам, Малайзия және Камбоджа — Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттер қауымдастығының (АСЕАН) мүшелері. 2024 жылы Қытайдың аталмыш бірлестік елдерімен тауар айналымы 7,8%-ға өсіп, 982,33 миллиард АҚШ долларына жеткен. Бұл елдердің ішінде Қытай үшін басты сауда серіктесі — Вьетнам. Оның үлесіне АСЕАН мен Қытай арасындағы жалпы тауар айналымының шамамен 27 пайызы (260,65 миллиард доллар) тиесілі.