Батыс басылымдарының мәліметінше, Солтүстік Корея сарбаздары Украина әскерімен шайқастарға қатысу үшін Ресейдің Курск облысына келген. Алайда, Ресей ресми түрде Украинамен қақтығыста солтүстіккореялық сарбаздарды тартып отырғанын растамады.
«Бірнеше мың» солтүстіккореялық әскери қызметкерлердің Украина Қарулы Күштеріне қарсы әрекет ету мақсатында Курск облысына келгенін бірқатар ірі батыс БАҚ хабарлады. Алғашқы дереккөз ретінде The New York Times газеті аталып, мақалада ақпараттың америкалық және украиналық ресми тұлғаларға сілтеме жасалғаны көрсетілген.