өтенше жағдайлар министрлігі күн райының бұзылуына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды munarmedia медиа-холдингі bak.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.Қазгидромет" болжамдарына сәйкес ауа райының нашарлауы күтілуде. Яғни қатты жауын-шашын, ауа температурасының төмендеуі, желдің күшеюі, боран, көктайғақ, тұман болады деп болжанған болатын.
ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді:
- Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар.
- Ауа-райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар.
Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды.