Ұлытау облысы прокуратурасының мәліметінше, қаладағы ТКШ бөлімінің қызметкерлері құрылыс жұмыстарын қымбат бағамен қабылдаған.
Тексеру барысында бюджеттен 218 миллион теңге негізсіз төленгені анықталды.
«Прокуратураның әрекетімен бұл заңбұзушылықтар жойылды, бөлімнің бұрынғы басшысы ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабы «Абайсызда ауыр зардаптарға әкелген немқұрайлық» бойынша жауапқа тартылды», — делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген шығын толық көлемде өтелді.