Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін

84



Бұл туралы журналист Ермұхамед Мәулен айтты.

«Басшылық ауысты, жаңа адамдар келді. Олар Черчесовтің келісімшартында не жазылғанын білмейді. Олар келісімшартты қалай бұзуға болатынын немесе ары қарай жалғастыруға болатынын қарап жатыр. Бірақ жаңа президент бас бапкерді ауыстырғысы келетін секілді», — деді ол.



Ол федерация басшылығы қазіргі ойын сапасына қанағаттанбайтынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бас бапкер қазақ тіліне қатысты бірнеше даулы мәлімдеме жасаған.

Ол қазақ тілінде сұрақ қойған журналиске «Французша сөйлеп тұрсың ба?» деп жауап берген.

Бас бапкер «Қазақстан — орыстілді мемлекет» деген де пікір білдіріп, журналистен орысша сұрақ қоюды талап еткен.

Бейресми дерек бойынша, Станислав Черчесов жылына 1,2 миллион евро жалақы алады.

Келісімшарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда федерация Станислав Черчесовке миллион еуро төлеуі мүмкін.