Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Қазақстан БРИКС серіктесі болады

https://kaz.tengrinews.kz/
51


1 қаңтар 2025 жылдан бастап Қазақстан ресми түрде БРИКС серіктесіне айналады. Бұл ақпаратты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp buttontelegram buttonfacebook buttoncopyLink button
Иконка комментария блок соц сети0

Бұған дейін Ресей Президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Ресей Қазақстанды қоса алғанда, бірнеше елдің БРИКС серіктесі болуға дайын екендігі туралы растаманы алғанын мәлімдеген болатын. Кейбір елдер толыққанды қатысуды сұраса, басқалары тек байқаушы ретінде жеке шараларға қатысуды қалайтынын білдірген.

"Әрине, саммиттің маңызды нәтижелерінің бірі – БРИКС серіктесі елдер санатының құрылуы және 13 мемлекеттің тізімінің келісілгендігі болды. Бұл мемлекеттерге тиісті ұсыныстар жіберілді. Бүгінгі күнге дейін Беларусь, Боливия, Индонезия, Қазақстан, Куба, Малайзия, Тайланд, Уганда және Өзбекстанның БРИКС серіктесі болуға дайын екендігі туралы растамалары түсті", – деді Ресей Президентінің көмекшісі брифингте.

Сонымен қатар, ол "жақын арада тағы төрт елден жауаптар күтіледі, оларға да шақырулар жіберілген" деп қосты.