Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Air Astana билет бағасы ретсіз қымбаттағанын айтып, компания басшылығын сынға алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Біздің депутаттардың бәрі мәселені көтеріп жатыр. Шынында да, Air Astana біздің аспанның Құдайы болып алған. Билеттің бәрі жақындаған кезде көтеріледі, арақашықтыққа байланысты деген бос әңгіме ғой. Билет жақындаған кезде көтерілмеу керек. Керісінше бағасы түсуі тиіс. Себебі ол билетті тезірек өткізу керек қой. Бұлар керісінше жұмыс істейді. Мына Air Astana-ны, лоукостердің мәселесін дұрыстап майшаммен қарау керек. Фостер мырза, сіз деген мына шаңыраққа қараңыз. Сіз осы мемлекеттік заңына бағынуыңыз керек. Біз Самат Мұсабаев екеуміз бір сағат кешіккенге үш пайыз айыппұл салатын норма енгіздік. Енді қызықты қараңыздар. Мен 2 тамызда Air Astana 12 сағатқа кешікті, әлі күнге дейін айыппұлын ала алмай жүрмін», – деді депутат Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.
«Фостер мырза, шаңыраққа қараңыз!»: Еділ Жаңбыршин Air Astana-ның былықтарын жайып салды
