Оған «Жаңа Қазақстан» қарсы емес. Ұзақ жылға созылған дауға нүкте қойылған соңғы келіссөздерде жазбаша болмаса да, ендігі көзқарасымыз жақсы болады деген ауызша «опцион» берілген болатын. Бірақ бұл жолы олар мұнайгаз секторына емес, сирек кездесетін металдар секторына инвестор атануы ықтимал. Немесе барлау саласына да бара алады.
Статилердің тағдыры Қазақстанмен 1999 жылдан бері байланысты. 1999 жылы Анатол Статиге қарасты «Tristan Oil» компаниясы Қазақстанда «Боранқұл», «Толқын» мен «Табыл» кен орындарын игеруге лицензия алып, «Толқыннефтегаз» бен «Қазполмұнай» фирмаларының иесі атанған болатын. Сол жылы молдован инвесторлары Маңғыстау облысында газ өңдеу зауытын тұрғызып, оны сәтті іске қосып, алғашқы табыс алды. Алайда, Молдова президенті Владимир Ворониннің шағыстыруымен «Ескі Қазақстан» билігі Статидің кен орындарын, зауыты мен активтерін тартып алады. Ары қарай бәріміз білетін, ширек ғасырға созылған даулы сот процесі басталды.
Қазақстан осы сотқа мемлекет қалтасынан шамамен 300 миллион доллар жұмсады. Ал Статимен келісімге келуге елімізге жаны ашыған отандық олигарх қалтасынан 230 миллион доллар төледі деген расталмаған ақпарат бар. Не болса да, Статиге қатысты рейдерлік әрекет инвесторлық беделдің бұзылуы мен жарты миллиард доллардың желге ұшуына алып келді.
Оның айтуынша Статилердің басында үлкен қарыздар бар. ASCOM тобы оның кейбірін қайта құрылымдай алса, біршама кредиторлармен ауыр жағдайға тіреліп тұр.
Сондықтан доп Статилер жақта. Келемін десе мархабат. Келмейміз десе өздері біледі.