Украина Ішкі істер министрі Игорь Клименконың айтуынша, 83 адам жарақат алған, олардың ішінде жеті бала бар.
Барлық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілуде, төтенше жағдайлар қызметі зымыран түскен жерде жұмыс істеп жатыр.
Украиналық БАҚ мәліметінше, 13 сәуір таңертең Сумы қаласында екі жарылыс дыбысы естілген. Бірнеше ғимаратқа зақым келгені хабарланды. Жергілікті пабликтерде жарияланған суреттерде жанып кеткен троллейбус пен көліктерді көруге болады.
Бұл қайғылы жағдайға Украина Президенті Владимир Зеленский де үн қатты. Deutsche Welle басылымының жазуынша, ол АҚШ-ты, Еуропаны және бүкіл әлемді осы соғысты және адам өлімін тоқтатуға қатаң әрекет етуге шақырды.