Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Трамп Ресейге қарсы санкцияларды бір жылға ұзартты

56




АҚШ Президенті Дональд Трамп өзінің алдындағы президент Джо Байден енгізген Ресейге қарсы санкциялар пакетін тағы бір жылға ұзартатын жарлыққа қол қойды. Бұл туралы АҚШ-тың Федералдық реестріндегі құжаттарда жазылған.

Әңгіме 2021 жылдың 15 сәуіріндегі 14024 нөмірлі жарлық жайында болып отыр. Бұл жарлықты АҚШ-тың бұрынғы әкімшілігі бірнеше рет кеңейтіп, ұзартқан.

Құжатта былай делінген:

«Ресей Федерациясы үкіметінің нақты зиянды әрекеттері АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне, сыртқы саясатына және экономикасына төтенше және ерекше қауіп төндіруді жалғастырып отыр».

Жарлыққа қол қою Ресейдің активтерін бұғаттауды, сондай-ақ Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешенімен (ӘӨК) ынтымақтасатын шетелдік қаржы институттарына қатысты екіншілік санкциялар енгізуді жалғастыруды көздейді.

2025 жылдың ақпан айында Трамп басқа бір антиресейлік санкциялар пакетін де ұзартқан болатын. Сол кезде Reuters агенттігі АҚШ әкімшілігі шектеулерді жұмсарту жоспарын қарастырып жатқанын хабарлаған. Алайда наурызда АҚШ басшысы Ресей Украинадағы соғысты тоқтатпаса, жаңа санкциялар енгізілетінін ескерткен еді.