Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Швейцария прокурорлары «Болашақ» бағдарламасындағы ықтимал ұрлық фактілерін тексеруде

56


Швейцария прокуратурасына «Болашақ» бағдарламасындағы ықтимал қаржылық қылмыстар туралы шағымды Қазақстандағы «Hotel Institute Montreux» және «Swiss Hotel Management School» швейцариялық университеттерінің бұрынғы өкілі Асылбек Сапаров жолдаған. Оның айтуынша, Қазақстанда бұл мәселені көтеруге жасаған әрекеттері нәтиже бермегенімен, швейцариялық қадағалау органдары оның өтінішін қабылдады.

Telegram-дағы «Halyqstan» арнасының мәліметінше, бұл жоғары оқу орындары 2014 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасының серіктесі ретінде «туризм» мамандығы бойынша студенттерді қабылдаған.

ФБРК (Қоғамдық бастамалар қоры) деректеріне сәйкес, 2016 жылы Асылбек Сапаров Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты «Халықаралық бағдарламалар орталығы» (ХБО) Швейцарияға студенттерді бағдарламадан тыс жолмен жіберіп, оларға бөлінген бюджет қаржысын заңсыз аударғанын анықтаған. Оның айтуынша, бұл схемаға швейцариялық университеттердің басшылығы да қатысқан.

«Оқу ақысы қолдан қымбаттатылған. Нарықта бағасы 5-6 мың доллар тұрса, ол 15 мың доллар деп көрсетілген. Себебі, 8-10 мың доллар біреудің қалтасына түскен. Олар көрсеткендей бағалар шын мәнінде жоқ», – дейді Сапаров.

Оның бағалауынша, бірнеше жыл ішінде «сұр» студенттер арқылы миллиондаған доллар ұрланған болуы мүмкін. Сапаров тергеу барысын қадағалау үшін Швейцарияда пошталық жәшік тіркеуге көмек сұрады, сондай-ақ Қазақстан билігі мен заңгерлерден кеңес алуға жүгінді.

«Болашақ» бағдарламасындағы тағы бір жанжал

2024 жылдың көктемінде Қазақстанда «Болашақ» бағдарламасына қатысты тағы бір даулы оқиға орын алды. Бағдарламаға қатысқан Наталья Воробьева мен Мақпал Дарибаева Қазақстан Президентіне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» (ХБО) азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзып отыр» деп шағымданды.

Олардың айтуынша, 2016 жылы олар әріптестері Валерия Гавриленконың оқуына кепілгер болған. 2019 жылы Гавриленко ХБО қызметкерлерімен сөз байласып, екі пәтерін кепілден заңсыз шығарып, Ұлыбританияға көшіп кеткен. ХБО оқу шығындарын өтеуді талап еткенімен, қарызды Гавриленконың өзінен өндіре алмаған, сондықтан 30 млн теңге берешекті кепілгерлерге жүктеген.

Жанжал сотқа дейін жетіп, тараптар бейбіт келісімге келген. Нәтижесінде, Гавриленко борышын өтеуге міндеттелді.